24 ақпанда «Электр қуатын пайдалану ережесіндегі» түзетулер заңды күшіне енді. Бұл туралы ҚР табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтында хабарланды. Негізгі өзгеріс – ол бережағы бар заңды тұлғаларға 5 күн және жеке тұлғаларға 30 күн бұрын берілген хат немесе электрондық хабарламадан кейін өшіреді. Бұрын бережағы бар абонентті контролердің өзі ескертіп, акт жасап қол қойғызып алатын еді. Кейде бұл «рәсім» де жасалмайтын.
Бережағы үшін өшірілген жағдайда оны қайта қостыру үшін пәтер тұрғындары 6730 теңге төлейтін болса, жеке үй тұрғындары 10115 теңге төлейді, ал заңды тұлғаларға 11600 теңге есептелген.
-Бізде көп мөлшерде қарызы бар борышкерлер жоқ, - дейді ережедегі өзгерістерге қатысты «Атырауэнергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ