Атырау, 12 қазан 19:05
 дождьВ Атырау +24.8
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Атырауда

46 шенеунік пен полицей Антикордың ұсынысы бойынша жауапқа тартылды Атырауда

46 шенеунік пен полицей Антикордың ұсынысы бойынша жауапқа тартылды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 46 ұсыныс енгізді. Жауапкершілікке тартылғанның үшеуі жұмыстан шығарылды. 19 қазан 2022, 22:33 1 352 рет қаралды
Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 10 күн жаза алды Атырауда

Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 10 күн жаза алды

14-16 қазан күндері, бір аптаның ішінде Атырау қаласының аумағында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізу құқығынан айырылып, рөлге отырған бес жүргізушіні тоқтатты. Сот шешімімен олар 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. 19 қазан 2022, 16:31 1 607 рет қаралды
Атырау облысында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті Оқиға

Атырау облысында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті

Бүгін, 18 қазанда Мақат ауданы Доссор стансасында «Dossor Processing Company» ЖШС-не тиесілі «Мақат-Доссор» бағытындағы № 0133 жүк пойызының тепловоз басынан тоғыз вагонның үш вагоны рельстен шығып кеткен. Сурет 19 қазан 2022, 00:28 1 504 рет қаралды
Жыр болған төрт үй Қоғам

Жыр болған төрт үй

Индербор кентіндегі 48 пәтерлік 4 үйдің құрылысы былтыр біткенімен, абаттандыру жұмысының жүрмеуіне байланысты пайдалануға берілмей отыр. Ал баспаналарын асыға, әрі зарыға күткендер алаңдап, «АЖ» редакциясына хабарласқан болатын. Сурет 18 қазан 2022, 21:21 2 016 рет қаралды
Атыраулық спортшылар грэпплингтен әлем чемпионатында топ жарды Спорт

Атыраулық спортшылар грэпплингтен әлем чемпионатында топ жарды

12-15 қазан аралығында Испанияның Понтеведра қаласында грэпплинг UWW нұсқасы бойынша ерлер, әйелдер және кадеттер мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Тартысты додаға қатысқан атыраулық спортшылар жүлдемен оралды. Сурет 18 қазан 2022, 16:20 1 846 рет қаралды
Дауларды сотқа жеткізбей-ақ шешуге болады Атырауда

Дауларды сотқа жеткізбей-ақ шешуге болады

Дауды шешудің заманауи тәсілі - медиация. Ол тек Батыс елдерінде ғана емес, Қазақстанда да оң нәтижесін көрсетіп келеді. Медиация мүмкіндіктері Атырауда өткен «Би институтын заманауи жаңғырту. Медиация мүмкіндіктері» тақырыбында өткен республикалық форумда талқыланды. 18 қазан 2022, 15:35 1 186 рет қаралды
«Атырау облысы Су Арнасы» тарифті көтеруді сұрайды Атырауда

«Атырау облысы Су Арнасы» тарифті көтеруді сұрайды

«Атырау облысы Су арнасы» КМК Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне алдағы 5 жылға су тарифін көтеру туралы өтініммен жүгінді. Қазір Атырауда бір текше метр үшін тариф 64 теңге. Өтінімдегі тариф өсімі 100% құрайды. Сурет 18 қазан 2022, 12:07 1 280 рет қаралды
Атырауда көкөніс фестивалі өтті Экология

Атырауда көкөніс фестивалі өтті

Экоферма ұйымдастырған ерекше фестивальдің бағдарламасы өте бай болды: эко-декор бойынша отбасылық шеберлік сыныптары, асқабақ пен кәдінің әртүрлі сорттарының көрмесі, балаларға арналған ойын-сауық, викториналар, табиғи өнімдер мен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы дәріс, сонымен қатар микрожасыл өсіруге арналған экофермадан пайдалы лайфхактар болды. Сурет Бейнежазба 18 қазан 2022, 10:55 2 188 рет қаралды
Құрманғазы ауданында екі ықшамаудан пайда болады Атырауда

Құрманғазы ауданында екі ықшамаудан пайда болады

Құрманғазы ауылында жаңадан «Шипажай», «Болашақ» ықшам аудандары пайда болмақ. Жаңа ықшамауданнан жер учаскесі кезекте тұрған жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысын салу үшін 1 гектардан берілетін болды. Сурет 17 қазан 2022, 17:56 1 423 рет қаралды
Сексеуіл ауылдарды құм басудан сақтайды Атырауда

Сексеуіл ауылдарды құм басудан сақтайды

Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі келесі жылдан бастап сексеуіл егуді жоспарлап отыр, қазір тұқым сатып алуда. Бұл туралы мемлекеттік сатып алулар сайтынан білдік. 17 қазан 2022, 17:13 3 242 рет қаралды
Ескі Сарайшық қашан көшіріледі? Атырауда

Ескі Сарайшық қашан көшіріледі?

Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылы ескі және жаңа болып, екіге бөлінген. Бір округке біріккен екі ауылдың арақашықтығы шамамен 500-600  метрдей, ал автомобиль жолымен 1 км. Екі ауыл қанаттаса орналасқанымен жағдай да екі түрлі. Сурет 17 қазан 2022, 18:21 2 329 рет қаралды
Атырау облысының қаржы басқармасына басшы тағайындалды Атырауда

Атырау облысының қаржы басқармасына басшы тағайындалды

Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық қаржы басқармасы басшысының лауазымына Мұқасов Мейіржан Жолдасұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 17 қазан 2022, 15:47 1 692 рет қаралды
Жылу беру маусымы басталды, бірақ барлық жерде емес Атырауда

Жылу беру маусымы басталды, бірақ барлық жерде емес

15 қазанда жылу беру маусымы басталды. 16 қазанда сырттағы ауа температурасы +2 градус болды. Сырттағы ауа температурасы 3 күн бойы +8 градустан жоғары көтерілмесе, жылуды қосуы керек. Алайда үйлердің бәрі бірдей орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмады. 16 қазан 2022, 17:51 2 670 рет қаралды
Атырау мен Құлсарыда шекті рұқсат етілген шығарындылар есептеледі Экология

Атырау мен Құлсарыда шекті рұқсат етілген шығарындылар есептеледі

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Атырау және Құлсары қалаларында шекті рұқсат етілген шығарындылардың (ШРШ) Жиынтық томын жасауға 101 млн теңгеден астам қаржы бөлді. 15 қазан 2022, 01:19 2 763 рет қаралды
Мүгедектер арбасы​нда отырып жүргізген рейд Атырауда

Мүгедектер арбасы​нда отырып жүргізген рейд

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мүгедектер арбасына отырып, әлеуметтік нысандарды аралады. Оңай болған жоқ.  Сурет 14 қазан 2022, 17:23 1 914 рет қаралды