Атырау, 12 қазан 18:58
 дождьВ Атырау +24.8
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Каспий теңізінің жағалауында тағы да итбалықтардың өлекселері анықталды

67 рет қаралды
Ақтау тұрғынының фотосы
Ақтау тұрғынының фотосы

Маңғыстау облысының Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізінің жағалауынан өлі итбалықтар табылды.

Lada.kz басылымының хабарлауынша, 11 қазанда Ақтау қаласының тұрғыны жағалаудан 10–12 итбалықтың өлексесін байқаған. Оның айтуынша, өлі жануарлар жағалаудың шамамен 2,5–3 шақырымға созылған бөлігінде жатқан.

Әйел редакцияға фотосуреттерді жіберіп, мұндай жағдайдың қалыпты құбылысқа жататынын анықтауды сұраған.

Редакция Маңғыстау облысының Экология департаментіне және өңірлік балық инспекциясы басқармасына ресми сауал жолдады.

Бұған дейін де Маңғыстау облысында өлі Каспий итбалықтарының табылу жағдайлары тіркелген. Сол кезде мамандар су сынамаларын алып, жануарлардың қырылуына себеп болуы мүмкін бірнеше нұсқаны қарастырған.

Бүгін, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.