Атырау, 29 қараша 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау облысының қаржы басқармасына басшы тағайындалды

1 118 просмотра

Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық қаржы басқармасы басшысының лауазымына Мұқасов Мейіржан Жолдасұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мейіржан Мұқасов Атырау аграрлы-техникалық колледжінің «Жерге орналастыру» мамандығын, Атырау мұнай және газ университетінің «Жерге орналастыру» мамандығын, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқық» мамандығын, Мәскеу экономикалық университетінің «Экономика» мамандығын тәмәмдаған. Еңбек жолын 2013 жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы болып бастап, көп жыл бойы осы бөлімде бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру секторының бас  маманы, мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторы меңгерушісі, басшының орынбасары қызметтерін атқарған. 2020 жылдан күні бүгінге дейін қалалық қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қазан 2022, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.