Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Атырау және Құлсары қалаларында шекті рұқсат етілген шығарындылардың (ШРШ) Жиынтық томын жасауға 101 млн теңгеден астам қаржы бөлді.
ҚР Экология кодексінің «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жиынтық есеп-қисаптарын жүргізуді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасауды қамтамасыз етеді» деген 205-бабының 1-бөлігі зерттеуге негіз болған.
Сонымен қатар, шешім АМӨЗ бен «Атырау Су арнасы» КМК пайдаланатын «Квадрат» және «Сасықсай» булану алаңдарының атмосфераға, барлық ластау көздерінің, соның ішінде, көлік құралдарының атмосфераға тигізетін әсерін зерттеуді, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қазандықтар шығарындылары көздері туралы электрондық мәліметтер базасын қалыптастыруға, картографиялық негізді дайындауға, барлық ластау көздерінің атмосфераға жинақталған әсерінің және олардың шашырауының жиынтық есебін жүргізуді қарастырады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ