Атырау, 22 желтоқсан 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда 19 қазанға дейін 244 үйге жылу беріледі

1 167 рет қаралды

Көпқабатты тұрғын үйлердің 80%-ы жылуға қосылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметінше, бүгінде Атырауда 1019 үй қысқы жылыту маусымына толық дайын.

- 16 қазандағы жағдай бойынша 775 үй жылытуға қосылған. 19 қазанға дейін қалған 244 үй жылумен толық қамтылады, - деді ТКШ қалалық бөлімінде.

Қазіргі уақытта ПИК және ТКШ басшыларына қалған 244 үйге жылуды қысқа мерзімде қосу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. 200-ден астам үйге жылуды қосу кешігуіне байланысты ПИК басшыларына тиісті шаралар қабылданады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қазан 2022, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.