Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі келесі жылдан бастап сексеуіл егуді жоспарлап отыр, қазір тұқым сатып алуда. Бұл туралы мемлекеттік сатып алулар сайтынан білдік.
- Былтыр біз сексеуілді құмды топырағы бар бос жерлерге сынақ түрінде егуге тырыстық, – дейді мемлекеттік мекеме басшысы Талғат ДОСАНОВ. – Жақсы нәтиже бар. Осыған байланысты тұқым сатып алатын ақша бюджетке енгізілді. Жайық өзенінің деңгейі айтарлықтай төмендеп, ағаштардың тамыры ылғалға жете алмайды. Сексеуіл 2012 жылдан бері Қазақстанның Қызыл кітабына еніп, қорғауға алынған. Біз 1 центнер тұқым алуды жоспарлап отырмыз. Сексеуілдің көптеген артықшылығы бар: ол күй талғамайды, топырақ қозғалысын тоқтатады және суды тартады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ