Атырау, 4 қазан 08:23
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Жылу беру маусымы басталды, бірақ барлық жерде емес

1 905 просмотра

15 қазанда жылу беру маусымы басталды. 16 қазанда сырттағы ауа температурасы +2 градус болды. Сырттағы ауа температурасы 3 күн бойы +8 градустан жоғары көтерілмесе, жылуды қосуы керек. Алайда үйлердің бәрі бірдей орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмады.

«109» Бірыңғай байланыс орталығы диспетчерінің хабарлауынша, қаланы жылу жүйесіне қосу 2 кезеңде жүргізіледі.

– Біз үйлерді 10-ынан бастап қоса бастадық, ал жалпы ПИК-тің жазбаша өтініші бойынша жылуды бұдан да ертерек қосуға дайын болдық. Бірақ, өкінішке орай, бірнеше ПИК қана қосуға өтініш білдірді. Нұрсаяны ертең қосамыз. Өйткені кеше жылу қосу үшін қызметкерлерді қосымша шығардық, бірақ барлық ПИК дайын болмады. Ертең, дүйсенбі күні жұмыс істейміз деп келістік, – дейді «АЖЖ» АҚ вице-президенті Әлібек ТЕМІРҒАЛИЕВ. – Нұрсая ықшамауданындағы 3,4-үйге жылу бердік. ПИК өкілдері бізге хабарласып, бірлесіп жұмыс жасау үшін өз адамдарын бөлді. Өйткені ПИК өкілдерінің қатысуынсыз жылу қосуға құқығымыз жоқ. Бәлкім, біреу пәтердегі радиаторларды ауыстырып жатуы мүмкін, кім біледі.

Ол Нұрсая-4-те  №113 үйлерден бастап қосылғанын нақтылады. Нұрсая-3-те ескі үйлер, №55-70 үйлер қосылған.

– Ал №1 және 29 үйлерде жылуды және 80-үйден бастап та ертең қосамыз. Егер ПИК өз өкілдерін бөлсе. Бүгін біз Дом радио маңындағы үйлерді қосамыз, - деді Ә.Темірғалиев.

Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне тиесілі 1019 үйдің 763-і жылуға қосылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қазан 2022, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.