Сайлау – 2022: Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін «Ақ Жайық» газетінде және сайтында (azh.kz) ақпараттық алаң ұсыну шарттары мен тәртібі.
1-ескерту. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету сайлаушыларды ақпараттандырудан және сайлауалды үгіт-насихаттан тұрады.
2-ескерту. Газет көлеміне байланысты беттерді нөмірлеуде өзгерістер болуы мүмкін. Кандидаттардың материалдар жариялау бойынша барлық талап-тілектері тек қолдағы мүмкіндіктерге байланысты есепке алынады, материалдарды бағасы бірдей қандай да бір нақты беттерге міндетті орналастыру немесе беттерде орналасқан орны бойынша талаптары қабылданбайды.
Үгіт-насихат материалдары БАҚ-пен баспасөз алаңын ұсыну туралы шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаның қолы қойылған соң ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағында қаралған көлемде және дайын күйінде ұсынылуы тиіс.
Егер үгіт-насихат материалдары мазмұнында конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, таптық, ұлттық, діни, руға бөліну, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ, заңнамаларда қарастырылмаған әскери құрылымдарды құру идеялары болса, БАҚ жариялаудан бас тартады.
Үгіт-насихат материалдарында басқа тіркелген үміткерлердің немесе басқа үшінші тұлғалардың ар-намысы мен абыройына, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болатын болса, БАҚ жариялаудан бас тартуға құқылы.
«Ақ Жайық» апталық газеті бейсенбі күні шығады.
Көлемі – А3 ф. 32 бет
Таралымы - 3400 дана.
Бір бетте 50 жарнамалық модуль бар
1 модульдің өлшемі – 3,5х5 = 17,5 ш. см.
Жарнама блогындағы 1 модульдің құны:
- Қара-ақ түсті жарнама (тек ішкі беттерде) – 5200 тг.
- Толық түсті (сыртқы) – 7200 тг.
«Ақ Жайық» ақпарат блогындағы 1 модульдің құны :
- 1 бет (толық түсті) – 19 800 тг.
- 3-7, 10-15 бет (ақ-қара) – 11 800 тг.
- 16 бет (толық түсті) – 11 800 тг.
Барлық баға шұғыл жарияланғаны үшін қосылатын үстемақыларсыз көрсетілген, үстемақылар материалдарды тапсырып, төлем жасағанда қосылады:
Дүйсенбіде – 25 % үстемақы
Сейсенбі – 50%
Сәрсенбі – 100%
Бейсенбі, жұма күндері (номер шығардан бір апта бұрын) материалдар мен төлемдерді осы күні немесе алдын ала тапсырған жағдайда шұғыл жариялау үстемақысы қосылмайды.
Материалдар электронды тасығыштар + қағазға басылған түпнұсқа макетпен қабылданады
«Ақ Жайық» сайтында (azh.kz) орналастыру:
Негізгі бетте жоғары жақта, соңғы жаңалықтар лентасында (7 күн) – 300 000 теңге.
Жоғарыда аталған шарттармен төленген және жарнамалық блоктардан тыс орналасқан барлық материал міндетті түрде «жарнама құқығымен» деп белгіленеді.
Тел/факс: (7122) 27-22-44, 27-22-26.
Мекенжайымыз: 060011, Атырау қ., Балғымбаев көшесі, 71 а.
E-mail: advert@azh.kz, advert1@azh.kz
(«Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық Заңға және ОСК-ның БАҚ-қа арналған ұсынымдарына сәйкес жарияланды).