Атырау, 12 қазан 18:14
 дождьВ Атырау +24.8
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Атырауда

«Talan» ТК: жылыту құны қызу талқыланды Атырауда

«Talan» ТК: жылыту құны қызу талқыланды

«Talan» тұрғын үй кешенінің пәтер иелері су жылыту қызметінің құны жоғары екеніне қатысты «АЖ» редакциясына шағыммен жүгінді. Жақында сервистік компания – «BIClientsService 15» ЖШС тұрғындарға бірден төрт айдың (маусым-қыркүйек) шотын берді, ондағы тариф 1 текше метрі үшін 5119 теңгені құрайды. Мәселен, 8 текше метр суды пайдаланғаны үшін тұрғындардың біріне 76 мың теңге есептелген. Сурет Бейнежазба 1 қараша 2022, 12:05 1 481 рет қаралды
Жаяу жүргінші жолында адамды қағып кетті Атырауда

Жаяу жүргінші жолында адамды қағып кетті

Бүгін, 31 қазанда таңертең Атырауда С.Датов көшесі бойында Daewoo Leganza көлігін басқарған 32 жастағы жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 20 жастағы тұрғынды қақты.  31 қазан 2022, 17:45 2 116 рет қаралды
Прокурор Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады Хаменованың ісі

Прокурор Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Бүгін, 31 қазанда Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАНЫҢ ісі бойынша өткен кезекті сот отырысында тараптар жарыссөзі өтіп, содан кейін прокурор Лаура АСАНОВА соттан Хаменова мен Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТЫ мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен қатар, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сурет Бейнежазба 31 қазан 2022, 14:11 2 566 рет қаралды
Түнде жүргізушілердің көзін қарықтыруға болмайды Атырауда

Түнде жүргізушілердің көзін қарықтыруға болмайды

Атырау облысында жыл басынан бері көлік құралдарына ксенон немесе жарық диодты (LED) шамдарын орнатқан 1200-ден астам жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды полиция департаменті. Айта кетейік, аталмыш қосалқы жарықшамдар түнгі уақытта қарсы бағытта қозғалып келе жатқан басқа жүргізушіге кедергі келтіреді.   31 қазан 2022, 12:13 1 778 рет қаралды
Бітпеген жол, батпақ кешу Атырауда

Бітпеген жол, батпақ кешу

Зарослый және Көкарна ауылы бағытында орналасқан қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары үшін таңғы жұма ауыр болды. Бұлт торлаған аспан нөсерлетіп, асфальтталмаған айналма жолды тайғақ батпаққа айналдырды. Көпшілігі жұмысқа, сабаққа кешігіп жетті, жол-көлік апаттары болып, автобус жүргізушілері бұл бағытта жүруден бас тартты. Сурет 29 қазан 2022, 16:53 1 528 рет қаралды
"Егін жинау науқанын 1 қарашада толық аяқтаймыз" Атырауда

"Егін жинау науқанын 1 қарашада толық аяқтаймыз"

Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша 10 мың гектар жерден 92 мың тоннадан астам көкөніс, 42 мың тоннадан астам бақша өнімі және 28 мың тоннаға жуық картоп жиналып, 19 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат РҮСТЕМОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. 28 қазан 2022, 17:30 1 350 рет қаралды
Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті» Қоғам

Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті»

Соңғы кездері бет-жүзін тұмшалап, қара жамылған қыз-келіншектерді Атыраудың көшелерінен жиі кездестіреміз. Бұл көпшілікке ұнайды деп айта алмаймын. Неліктен қазір қазақтың халықтық дәстүріне қайшы келетін осы бағытқа бет бұрған әйелдер (негізінен өте жас қыздар) мен қысқа балақты шалбар киген сақалдылар көп екенін «АЖ» тілшісі анықтауға тырысты. Сурет 28 қазан 2022, 12:35 5 731 рет қаралды
Махамбет ауданында күзгі өнім жинау жұмысы қызу жүріп жатыр Атырауда

Махамбет ауданында күзгі өнім жинау жұмысы қызу жүріп жатыр

Махамбет ауданы бойынша 2074 гектарға түрлі бау-бақша дақылдары, көкөністер егілген. Бүгінде күзгі жиын-терін жұмысы қызу жүріп жатыр, қазір 63179 тонна өнім алынды. Бұл жұмысты қарашаның 5-не дейін аяқтау жоспарланып отыр.  Сурет 28 қазан 2022, 11:02 2 134 рет қаралды
"Ойланбастан, бірден құтқаруға кірістім" Атырауда

"Ойланбастан, бірден құтқаруға кірістім"

Сарытоғай ауылының тұрғындары Төребек ҚҰМАРОВ пен Ардақ ОЖЫРАЕВ жертөледе сырдың иісіне уланып қалған бір отбасының үш адамын ажалдан аман алып қалды. Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, батылдық танытқан қос азамат «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 28 қазан 2022, 10:39 1 667 рет қаралды
Хаменованың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі келесі аптаға қалдырылды Атырауда

Хаменованың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі келесі аптаға қалдырылды

Бүгін, 27 қазанда Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАҒА қатысты сотта тараптардың жарыссөзі басталатын еді. Алайда Б.Хаменованың адвокаты Игорь  ВРАНЧЕВ денсаулығына байланысты сотқа қатыса алмайтынын айтып, сот процесін келесі аптаға қалдыруды өтініп судья Жұмағали ТАШИМОВКЕ арыз берген.  27 қазан 2022, 12:37 1 561 рет қаралды
Қандастар үшін бір ауыз сөз Атырауда

Қандастар үшін бір ауыз сөз

Атырауда өңірімізге қоныс аударған қандастарымызды бейімдеу жөніндегі координациялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға «Оралман-Жайық» ҚБ төрағасы Құдабай ҚАРЖАУОВ пен «Жібек жолы - Бауырластар» ҚБ жетекшісі Әлия ТАЗАБЕКОВА қатысты.   25 қазан 2022, 14:17 2 448 рет қаралды
Атырауда Нельсон Манделаның немересі әйелдер көшбасшылығы туралы айтты Атырауда

Атырауда Нельсон Манделаның немересі әйелдер көшбасшылығы туралы айтты

Орталық Азияда алғаш рет Атырауда Executive MBA «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасының ресми ашылу салтанаты өтті. Мұнай және газ университетінде өткен шараның арнайы қонағы G-Global компаниясының Оңтүстік Африка Республикасындағы өкілдігінің басшысы әрі аты аңызға айналған Нельсон Манделаның немересі Ндилека МАНДЕЛА болды. Сурет 25 қазан 2022, 13:57 1 650 рет қаралды
Казиноға қомақты сома жұмсаған шенеуніктер арасында атыраулық та бар Атырауда

Казиноға қомақты сома жұмсаған шенеуніктер арасында атыраулық та бар

Алматы облысы прокуратурасының тексеру жұмыстары «мемлекеттік қызметте болған кезеңде» 305 қазақстандық шенеуніктің ойынханаға жалпы сомасы 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Сондай-ақ, «Атырау облысының энергетика және ТКШ басқармасының жылдық табысы 7,9 миллион теңгеден аспайтын қызметкері Е.А.Назаровтың» да аты аталады. Прокурорлардың растауынша, ол екі рет жалпы сомасы 3,2 миллион теңгеге «Toрнадо 777» казиносының ойын автоматтары залына барған. 25 қазан 2022, 12:30 2 169 рет қаралды
Атырауша дуалау Атырауда

Атырауша дуалау

Әлеуметтік желіде Атыраудағы бейіт басында түсірілген бейнежазба жарияланды. Онда небір дуалау әдісі туралы айтылады. Өзін жын қақты деген бір әйел Сары ата әулиенің қабірінің басында өзінің дуаланғанын айтып, сол жерді көрсетеді.   Сурет 25 қазан 2022, 10:35 3 322 рет қаралды
Теңіз толқынымен жарысқан Әсел Қоғам

Теңіз толқынымен жарысқан Әсел

Дүние жүзіндегі зерттеушілердің тек 30%-ы әйелдер екені белгілі жайт. Оның ішінде далалық жағдайда жұмыс істейтіндер аз. Солардың бірі – Каспий итбалықтарын зерттеуге және құтқаруға өмірін арнаған Қазақстандағы ресми эко-амбассадор Әсел БАЙМҰҚАНОВА. Сурет Бейнежазба 24 қазан 2022, 17:37 2 759 рет қаралды
Сағыз-Миялы жолындағы апаттан бес адам қаза болды Оқиға

Сағыз-Миялы жолындағы апаттан бес адам қаза болды

Бүгін, 22 қазанда күндіз Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы тас жолының 15 шақырымында Toyota Ipsum және  Lada Granta көліктері соқтығысып, жол апаты орын алды. Нәтижесінде оқиға орнында бес адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. 22 қазан 2022, 21:19 3 388 рет қаралды