Махамбет ауданы бойынша 2074 гектарға түрлі бау-бақша дақылдары, көкөніс егілген. Бүгінде күзгі жиын-терін жұмысы қызу жүріп жатыр, қазір 63179 тонна өнім алынды. Бұл жұмысты қарашаның 5-не дейін аяқтау жоспарланып отыр.
- Биыл көктем кеш шығып күннің суық болуынан, оның үстіне шалғын көбелек құртының кесірінен көшеттер кеш егілді, кей жерде дақылдарды қайта егу жұмыстары жүргізілді. Енді шаруалар күздің жауын-шашынына қалмай, барды жинап алуға жұмыстанып жатыр. Жұмыс күші жетіспей жатқан шаруашылықтарға қолдау көрсету қолға алынды, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаев. - Бөлім қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар егіс алқабына барып өнім жинауға кіріскен. Жұмысшыларды тасымалдау, түстігі ұйымдастырылып, еңбекақы мәселесі де қарастырылған. Сонымен бірге шаруашылықтар көмекшілеріне өз өнімдерін бөліп беріп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді Махамбет ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі жолдады