Атырау, 26 желтоқсан 21:25
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тілек Халиннің ерекше галереясы

Сурет
3 073 просмотра

Индер ауданы Бөдене ауылындағы сурет галереясында ерекше туындылар жарық көруде. Бұл галереяны талантты суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Тілек ХАЛИН ашқан.

Тілек Халин туындылары талайды тамсандырған қылқалам шебері. Оның туындылары Түркия, Италия, Германияға танылып, әлемдік деңгейде жоғары бағаланған. Ал ол өзі жылдар бойы ауыл мектебінде бейнелеу және сызу пәнінен сабақ берген. Ауыл суретшісінің ешқашан жеке шеберханасы болмаған, ол үнемі үйінде жұмыс істеген. Есесіне, туған ауылында 70-тен астам түрлі жанрдағы туындылар қойылған сурет галереясын ашу арманын жүзеге асырған.

- «Ауыл» деп айтпау керек. Ол – ұлы дала. Мен соның рухымен жұмыс жасаймын, мүмкін. Шеберханам жоқ. Шалқайып отырып, жұмыс істеп көрмедім. Бәрін үй жағдайында жасадым. Соның өзінде туындыларым көптің көңіліннен шықты, - деді Тілек Халин. 

Өнер иесі Бөдене ауылының атауы әлемге танылғанын армандайды. Соған сәйкес галереясы ресми заңдастырылып, туындылары үшін арнайы кабинет берілсе дейді. Қылқаламды жанына серік еткен Тілек Халиннің суреттері ауыл тұрғындары тарапынан да оң бағасын алып жүр.

- Ағайдың ауыл тоғайын керемет бейнелеген «Талөткел» атты картинасы бар. Галереяға келген сайын сол суретке қарап, тамсанамын.  Ағайдың пейзаждарының жанкүйерімін десем артық емес, - деді ауыл тұрғыны Роза САТАЕВА

Тілек Халиннің суретшіліктен бөлек ақындық қасиеті тағы бар. Бүгінде оның бес жыр жинағы жарық көрген. Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, - деп хабарлайды Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде суретшінің жасы 70-ті еңсерсе де әлі күнге қылқаламын тастамапты. Демек, бұл оның галереясы жаңа туындылармен толығады деген сөз.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 қазан 2022, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.