Атырау, 29 қараша 05:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Түнде жүргізушілердің көзін қарықтыруға болмайды

1 109 просмотра

Атырау облысында жыл басынан бері көлік құралдарына ксенон немесе жарық диодты (LED) шамдарын орнатқан 1200-ден астам жүргізушіні анықталды, деп хабарлайды полиция департаменті. Айта кетейік, аталмыш қосалқы жарықшамдар түнгі уақытта қарсы бағытта қозғалып келе жатқан басқа жүргізушіге кедергі келтіреді.  

Мәселен, 27 қазанға қараған түні Берғалиев көшесінің бойында патрульдік полиция қызметкерлері LED шамдары орнатылған Toyota Coaster автокөлігін тоқтатты. 33 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, 15 мың 315 теңге айыппұл салынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 қазан 2022, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.