Атырау, 29 қараша 04:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Совдепшілер үйі жеке археология музейіне айналады

Сурет
1 433 просмотра

Танымал атыраулық археолог Марат ҚАСЕНОВ жартылай қираған көне ғимаратты қамқорлығына алып, оны қалпына келтіруді көздеп отыр.

XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында көпес Пономарев салған бұл үй Пушкин мен Жарбосынов көшелерінің қиылысында орналасқан. Бастапқыда онда «ішуге және алып кетуге» сыра сататын ішімдік орны болды. Кеңес өкіметі кезінде ғимаратта емхана, флюорография кабинеті, 1950 жылдары марксизм-ленинизм институты ашылғаны да белгілі. Бірақ көнекөздерге ол 1917 жылы осында жиналыс өткізген алғашқы Гурьев совдепшілерінің (Кеңес депутаттарының) үйі ретінде жақсы белгілі.

Совдепшілер үйі салынғалы бір рет, 60 жылдай бұрын күрделі жөндеуден өтті, тіпті екінші қабаты салынды (кейіннен ол бұзылды), ал соңғы бірнеше онжылдықта қаңырап бос қалды, қираған және қазір адам көргісіз күйде тұр. Солай бола тұра, мазақ еткендей, ғимаратта бұл нысанның мемлекет «қорғауында» тұрған жергілікті маңызы бар сәулет ескерткіші мәртебесіне ие екендігі туралы маңдайша ілулі тұр.

Міне, ақыры жақсы жаңалық та жетті. 

Археолог Марат Қасенов (суретте) бұл ескі ғимаратты көптен бері қарап жүр. Ғалым сегіз жыл бойы (!) ауысқан әкімдерге совдепшілер үйін сенімгерлік басқаруға алу мүмкіндігін қарастыруды өтініп, хат жазған. Бұл өтініші тек 2020 жылы ғана қанағаттандырылды.

- Сол кезде жоспарларыма пандемия кедергі келтірді, соның салдарынан қалпына келтіруге көмектесуге келіскен демеуші жобаны қаржыландырудан бас тартты, - дейді М.Қасенов. – Бағыма орай, жақында жергілікті компания түріндегі тағы бір демеуші табылып, қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, елордалық мамандар ғимаратты тексеріп, «қалпына келтіруге жатады» деген қорытынды берген. Енді ол орындалады. Кірпіштен қаланған үйдің сыртқы келбеті өзгеріссіз қалса, ішіне Атыраудағы тұңғыш жеке археология музейінің жәдігерлері орын тебеді. Жақында оның эскиздік жобасы жасалды.

– Экспозицияда негізінен менің жеке жәдігерлерім болады. Сондай-ақ, тұрғындардан Атырау өңірінің тарихына қатысты түрлі раритеттерді ризашылықпен тарту ретінде қабылдаймын. Олардың бәрі музейден лайықты орындарын алады, - деп атап өтті археолог.

Сонымен қатар, жергілікті билік 2017 жылы басталған қаланың оң жағалауындағы құрылыстарды ауқымды түрде бұзу жұмыстарын жандандырды. Облыс орталығының тарихи бөлігі де бұзылады. Сөйтіп, өткен аптада Шевченко көшесіндегі совдепшілер үйіне іргелес орналасқан көпестердің жекежайлары босатылды. Олардың тұрғындары жаңа қонысқа көшірілді, ал ғимараттардың сүрілетіні анық болды. Дегенмен өткен жылы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі «қала құрылысы жобасына сәйкес, Атыраудың ескі бөлігінің сәулеттік келбетін кезең-кезеңімен қалпына келтіру жоспарлануда» деп, ресми түрде мәлімдеген болатын. Осыған байланысты «АЖ» қала және облыс әкімінің атына жазбаша сауалдар дайындап жатыр.

Лев ГУЗИКОВ

Автор түсірген және «“Былина” Орыс этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасыАндрей КОРАБЛЕВТЫҢ әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған суреттер

27 қазан 2022, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.