Атырау, 24 наурыз 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

ҰҚШҰ-ның келесі отырысы Қырғызстанда өтеді

512 рет қаралды
Фото: Ақорда

Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ұйымға Қырғыз елінің төрағалық етуі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент ұйымға төраға Қырғызстан болған кезеңде серіктестерінің жан-жақты қолдауын күтетінін айтты.

«Бірлескен күш-жігер аясында ҰҚШҰ аясында ынтымақтастығымызды нығайта түсіп, сын-қатерлерге тиімді жауап бере отыра, ұйымның имиджін арттыра түсеміз деп ойлаймыз. Осы орайда Қазақстанды ұжымға сәтті төрағалық еткенімен құттықтаймын. ҰҚШҰ-ның кезекті отырысын 2025 жылдың төртінші тоқсанында өткізуді ұсынамын»,- деді Жаппаров.

Отырысқа қатысқан ұйымға мүше елдер келесі отырысты Қырғызстанда өткізу жайлы құжатқан қол қойды.

28 қараша 2024, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.