Атырау, 28 қараша 19:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Доллар бағамы 500 теңгеден асып түсті: Ұлттық банк валюта интервенциясын бастағанын мәлімдеді

102 просмотра
Фото: freepik.com

Ұлттық банк валюта интервенциясын бастағанын мәлімдеді, делінген хабарламада. ҚазТАГ.

«Тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді», – делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

28 қарашадағы теңгенің орташа бағамы АҚШ доллары үшін 513 теңгені құрайды, 27 қарашадан бері 2,4% әлсіреді. Реттеуші органның ақпаратына сүйенсек, теңге бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер еткен.

«АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі факторлардың өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамын бақылайтын DXY индексі 28 қарашада 106,2 пунктке дейін өсіп, қараша айының басынан бері 2,2% нығайған. Осының әсерінен бір ай бойы валюта индексі 3% төмендеген», – деп түсіндіреді Ұлттық Банк.

Бұған қоса, ведомство мұнай бағасының құбылуы ұлттық валютаға қысым көрсетіп отырғанын жазған. Сондай-ақ сарапшылардың Дональд Трамп президенттікке келгенде АҚШ-та мұнай тасымалы ұлғайып, ұсыныстың артық болуы бағаға әсер етеді деген пікіріне тоқталып өткен.

«Аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады», – делінген хабарламада.

Бүгін, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.