Атырауда тозығы жеткен 35 кіші аяқ доп алаңына жөндеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 20 алаңды қайта пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Атырау әкімдігінің мәліметінше, қала аумағында осындай 48 алаң бар. Олар ұзақ мезгіл күтіп ұстау жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты және бұзақылық салдарынан бүлінген.
Жөндеу жұмыстары кезінде алаңдардың қоршауы мен жасанды көгал жабындысы түгел ауыстырылады, сондай ақ, орындық пен қоқыс жәшіктерін орналастыру қарастырылған - осының бәріне бюджеттен 458 млн 80 мың теңге бөлінген.
Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жайық-Сити» ЖШС жүргізуде.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ