Атырауда ерлер мен әйелдер арасында асық ату және бес асықтан ҚР Кубогінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараны мәдениет және спорт министрлігі, Атырау облысы әкімдігі және Асық ату республикалық федерациясы ұйымдастырған. Оған асық атудан 36, бес асықтан 32 спортшы қатысуда.
Негізгі мақсат «Асық ату» ұлттық ойынын насихаттау, ұлттық спортты дамыту.
- Ұлттық ойындарымызды дәріптейтін бұл жарыс жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Барлық ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Спортшыларға сәттілік тілеймін, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған ТӨЛЕУОВА.
Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, тартысты дода екі күнге созылады. 1 қараша күні жарыс жеңімпаздары белгілі болады. Келем деуші жанкүйерлерге «Геолог» спорт кешеніне кіру тегін.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер