
Түркістан облысында полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында құқық бұзушылықты анықтады.
Оқиға TikTok платформасындағы «Ғашықтар» аккаунтында жарияланған тікелей эфирге қатысты. Полицияның мәліметінше, эфир кезінде әйел балағат сөздер айтып, басқа азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тіл тигізген.
Тексеру барысында құқық қорғау органдары тікелей эфирге қатысқан әйелдің жеке басын анықтады. Ол Ордабасы ауданының 32 жастағы тұрғыны Хадиша Абдушукурова болып шықты.
Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, оның әрекеттеріне құқықтық баға берілді.
Сот шешімімен стримерге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция әлеуметтік желілерде назар аударуға тырысу басқа адамдарды қорлау, олардың қадір-қасиетін кемсіту және қоғамдық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын еске салды.
В Атырау +24.8