Бүгін, 31 қазанда таңертең Атырауда С.Датов көшесі бойында Daewoo Leganza көлігін басқарған 32 жастағы жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 20 жастағы тұрғынды қақты.
Жарақат алған жаяу жүргінші жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА