Атырау, 29 қараша 04:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Спорт жаңалықтары

1 822 просмотра
Суретте Әбиба Абужакинова

Болгарияның Пловдив қаласында ардагерлер арасында еркін күрестен әлем чемпионаты өтті.

Атыраулық қатысушылар Сергей Елисеев, Эдуард Дурманов, Амантай Нұрәділов екі күміс және бір қола алқа жеңіп алды. Р.Мусин қола үшін белдесуде есесін жіберіп алды.

* * * * *

Испанияның Понтеведра қаласында грэпплингтен UWW әлем чемпионаты өтті. Ұлттық құраманың мүшелері атыраулық Қаршыға Абдурахим мен Рахымжан Тұрғанбек тиісінше алтын және қола алқа иеленді.

Барлығы Қазақстан құрамасы 14 алтын, 10 күміс және 6 қола алқа жеңіп алды.

* * * * *

Ереванда самбодан юниорлар арасында әлем чемпионаты өтті. Атыраулық спортшылар Қазақстан құрамасының қоржынына 1 күміс және 4 қола алқа салды.

Ақсел Русланова, Әлихан Жұмабек, Қазбек Аңсаған, Шынар Бітімбай және Аружан Жандарбай жүлдегер атанды.

* * * * *

Черногорияда таэквондодан Podgorica Open G-2 халықаралық рейтингтік туры өтті.

Мұнда атыраулық спортшылар толық алқа жиынтығын жеңіп алды: алтынды Айдана Еділбаева, күмісті - Мария Севостьянова және қола алқаны Нұрай Бауыржанова иеленді.

* * * * *

Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты өтті. 48 келіге дейінгі салмақта Атыраудың намысын қорғаған Әбиба Абужакинова қола жүлдені жеңіп алды.

Бір аптадан кейін ол Әбу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

* * * * *

«Жайық» ДСК-де волейболдан ҚР Кубогының финалдық кезеңі өтті.

Атырау командасы жартылай финалда «Жайық» (Орал) және шешуші кездесуде «Буревестник» (Алматы) командаларын жеңіп, нәтижесінде Ел кубогының иегері атанды.

* * * * *

«Нұрсая» ДСК-де қыздар күресі секциясының ашылғанына 9 жыл болды. Ал осы уақыт аралығында онда Гүлбаршын Смаилова дәріс беріп келеді. Ол ҚР спорт шебері, жастар арасындағы ҚР чемпионы, бірқатар халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

- Күреспен 12 жасымнан бастап айналыса бастадым. Алғашқы тәлімгерім – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Төлеген Дүйсенбаев, – дейді Гүлбаршын.

- Ұлдар мен қыздарға арналған жаттығулардың айырмашылығы неде?

- Қыздар - нәзік жандылар. Көп жағдайда оларға «тербелмеге» барудың қажеті жоқ, секірмекпен, еспе жіппен және турникпен жаттығу жеткілікті. Сонымен қатар, олар өте ұялшақ келеді. Көбінесе дайындығы жоқ спортшыларды жасқаншақ болмасын деп, жарыстарға апарамын. Бұл жерде көп нәрсе ата-ананың қолдауына байланысты. Атырау қаласынан екі, тіпті үш әлем чемпионын тәрбиелейтінімізге сенімдімін.

– Жұбайыңыз еркін күрестен жаттықтырушы, жақында Болгарияда өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сіздің отбасыңызда қарым-қатынас қалай?

– Иә, күйеуім Амантай Нұрәділов те бапкер. Кезінде Олимпиадаға дайындау орталығының сол кездегі директоры Марат ағаның шақыруымен Семейден көшіп келгенбіз. Біздің кәсібіміз сондай: балалармен жарысқа не күйеуім, не мен барамыз. Үйде өзара түсіністік пен сүйіспеншілік орнаған. Ұлдары әкесі сияқты чемпион болуды армандайды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қазан 2022, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.