Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша 10 мың гектар жерден 92 мың тоннадан астам көкөніс, 42 мың тоннадан астам бақша өнімі және 28 мың тоннаға жуық картоп жиналып, 19 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат РҮСТЕМОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Оның айтуынша, биыл егін жинау науқанының қарқыны өткен жылғыдан жоғары. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Жылыой, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат, Индер аудандарында егін жинау жұмысы толықтай аяқталған. Ал Атырау қаласы мен Махамбеттің жұмыс көрсеткіші 98% пайызды құрайды. Қазан айының соңына дейін егін жинау науқаны толықтай аяқталады деп күтілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті ӨКҚ жолдады