Атырау, 29 қараша 04:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Заң бұзушылықтар хроникасы

1 325 просмотра

1 қазан - 1 қараша аралығында облыс аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында салық органдарына хабарламай, 313 пәтер мен үйдің заңсыз жалданғаны анықталды.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 2604 тұлғаның мекен-жайы тексеріліп, профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, тұрғылықты жері бойынша 2646 азаматтық қару иесі тексерілді.

* * * * *

Атыраулық полицейлер мереке күндері мас күйде көлік тізгіндеген 21 жүргізушіні анықтады

Мәселен, 26 қазанға қараған түні патруль Ford Focus маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеріс кезінде жүргізушіден ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның женіл дәрежедегі мас екені анықталды. Аталған азаматтың көлігі арнаулы тұраққа жеткізіліп, оған  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша 26 жастағы жүргізушіге әкімшілік хаттама жасақталып, 15 тәулікке қамау туралы әкімшілік жаза алды. Ең бастысы – 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

* * * * *

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де жауапкершілікке тартылады. Атырау облыстық ПД мәліметі бойынша, жыл басынан бері 7 мыңға жуық жаяу жүргінші ереже бұзған.

Олардың бәрі ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы («Жаяу жүргіншінің жол жүру ережесін бұзуы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 6063 теңгеден айыппұл салынды.

Одан басқа, жаяу жүргіншілерге жол бермеген мыңнан астам көлік жүргізушісі анықталып, олар ҚР ӘҚБтК-ның 600-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 30 630 теңге айыппұл салынды.

- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережесін қатаң сақтауға, жолдардағы жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және маневр жасау ережесін бұзбауға шақырамыз, - деді Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Даурен Насиполла. - Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолды қатаң түрде белгіленген тәртіпте кесіп өтуі керек екенін еске саламыз.

* * * * *

«Қорғау – Қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен мамыр айынан бері Атырау қаласының аумағында 3 мыңға жуық құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Оның ішінде төленбеген айыппұлы бар 7 автокөлікті анықтаған. 

Мәселен, «Сергек» бейнебақылау жүйесі арқылы патрульдік полиция қызметкерлері Армения елінде тіркелген Nissan Teana маркалы автокөлігін борышкер ретінде тоқтатты. Жүргізушінің барлығы 600 мың теңгені құрайтын төленбеген 34 айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

* * * * * *

Атырау облысында 1 қазан мен 1 қараша аралығында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Учаскелік полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген саяжай алқаптарын, шаруа және фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығы алқаптарын, қыстақтар, тоқтатылған және қараусыз қалған құрылыс нысандарын, шатыр, жертөле, кәріз құдықтарын және т. б., оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану фактілерін анықтау және алдын-алу үшін тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қазан 2022, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.