Бүгін, 18 қазанда Мақат ауданы Доссор стансасында «Dossor Processing Company» ЖШС-не тиесілі «Мақат-Доссор» бағытындағы № 0133 жүк пойызының үш вагоны рельстен шығып кеткен.
Бұл тепловоз басынан жүк тиелген тоғыз вагонды беру кезінде орын алған.
- Вагондар аударылмай аман қалды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тоғыз вагонның барлығына да қиыршық тас тиелген. Бұл оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер