14-16 қазан күндері, бір аптаның ішінде Атырау қаласының аумағында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізу құқығынан айырылып, рөлге отырған бес жүргізушіні тоқтатты. Сот шешімімен олар 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
16 қазан күні Әуезов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері «ВАЗ» автокөлігін тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Ол көлікті уақытша жүргізгенін айтып, кінәсін мойындады. Көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, жиналған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Айта кетейік, жыл басынан бері тәртіп сақшылары бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылып, соған қарамастан қайтадан рөлге отырған 60-тан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА