Атырау, 29 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда көкөніс фестивалі өтті

Сурет Бейнежазба
1 707 просмотра

Экоферма ұйымдастырған ерекше фестивальдің бағдарламасы өте бай болды: эко-декор бойынша отбасылық шеберлік сыныптары, асқабақ пен кәдінің әртүрлі сорттарының көрмесі, балаларға арналған ойын-сауық, викториналар, табиғи өнімдер мен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы дәріс, сонымен қатар микрожасыл өсіруге арналған экофермадан пайдалы лайфхактар болды.

- Біз бұрыннан бизнеспен айналысатынбыз, бірақ ол негізінен қызметтер болатын. Сонымен қатар шетелдік компанияда жұмыс істедім. Бірақ кеңсе ішінде тынысым тарылатын. Үнемі терезеге көз тастап, сыртта таза ауа, күн, жел бар деп ойлайтынмын. Бірде күйеуімнің достары қала сыртындағы өзен жағасында жер учаскесі сатылатынын айтты. Қорықсақ та, тәуекел етіп, қаржы салдық. Ферма құрылысын қойма салудан бастадық. Алғашқы 350 ағашты отырғыздық. Бәрін өзіміз көмекшілерсіз - ата-анам, күйеуім және балаларым ектік. Содан кейін жылыжай болды. Екінші ұлымыздың аллергиясы бар. Оның жейтін тамақтарын қатаң қадағалап отырамыз. Сондықтан алдымен өзіміз үшін өнім өсіргіміз келді, кейін қаламызға осының бәрі жетіспейтінін түсіндік, – дейді экоферманың негізін қалаушы Нұрсұлу ТАҒАШОВА.

Оның айтуынша, ферма балаларды қаладағы аса пайдалы емес өмір салтынан алыстатуға көмектескен. Физикалық тұрғыда еңбек ету, топтасып жұмыс жасау отбасы мүшелерінің басын біріктіреді. Өйткені жұмыстың барлық кезеңін – өнімді өсіруден бастап оны жеткізуге дейін – отбасы өз күшімен жүзеге асырады.

- Табысы да, жалақысы да жақсы, бар жағдай жасалған ыңғайлы кеңседен үнемі жерде, кейде салқын суда қолмен жұмыс істеп, ауыр жәшіктер мен шелектер көтеретін осындай жұмыс жағдайына неге көштім деп көп ойландым. Бірақ қолыма асқабақ немесе қарбыз ұстасам, осыны өсіре алдық деп, балаша қуанамын, – деп жымиды Нұрсұлу.

Тамшылатып суару әдісін қолданып, химиялық қоспасыз, қоршаған ортаға зияны жоқ өнім өсіру бір отбасының ғана емес, көптеген пікірлестерінің өмірлік пәлсапасына айналып үлгерген.

Елена СҮНДЕТОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

18 қазан 2022, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.