Атырау, 29 қараша 06:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мүгедектер арбасы​нда отырып жүргізген рейд

Сурет
1 371 просмотра

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ қолмен жүргізетін мүгедектер арбасына отырып, әлеуметтік нысандарды аралады. Оңай болған жоқ. 

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті мен облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасымен бірлескен мониторингтік топ рейдке шықты. Рейдттік іс-шараға қоғам белсенділері де қатысты. Тексеріс теміржол вокзалынан басталды. Рейд барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов қол арбаға отырып, перронға дейін барып көрді.

- Расымен мұнда арбаға таңылған жандарға еркін қозғалуға мүмкіндік жоқ. Екінші қабатқа өтіп теміржолдың бірінші жолына түсетін пандус жоқ. Сол үшін мүгедек жандар перронға сыртпен айналып баруға мәжбүр. Алайда сыртқы пандус та стандартқа сай емес, перронға өтетін жолдың да тозығы жеткен. Арбаны жүргізген адамның қолы талады. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрдық. Мақсат - мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру, - деді А.Мәмбетов.

Басқарма басшысының айтуынша, осыған дейінде вокзал басшылығына бірнеше мәрте ескерту беріліп, айыппұл да салынған.

Ары қарай мониторингтік топ автобекетке барды. Ғимарат басшысының айтуынша, мұндағы мүгедектерге арналған пандусты жол жиегіне дейін жеткізіп, қайта салу жоспарда екен. Сондай-ақ, зағип жандарға арналған тактилді жолдарға да тапсырыс беріпті. Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарға алдағы уақытта келеңсіздік тумайтынына сендірді.

Тек жалғыз халықаралық Атырау әуежайында мүгедектігі бар адамға толық жағдай жасалған. Осыған дейін мүгедектігі бар жолаушылар әуежайда кемшіліктер бар деп шағымданған еді. Соның ішінде дәретхана арбадағы адам үшін ыңғайсыз еді. Мониторингтік топ  ескертудің ескерілгеніне көз жеткізді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 қазан 2022, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.