Атырау, 5 желтоқсан 08:28
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық садақшылар 10 медаль жеңіп алды

Сурет
1 925 рет қаралды

Атыраулық садақшылар Жаңаөзен қаласында садақ атудан ҚР тұңғыш чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы келді.

- «BATU HAN ZHEBESI» Атырау облыстық дәстүрлі садақ ату федерациясы командасынан 18 спортшы қатысып, 8 спортшы жүлдемен оралды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Марат БЕКСҰЛТАН ересектер арасында 70 метр қашықтықта І орын, Мадина БИСЕМБИЕВА жастар арасында 60 метр қашықтықта І орын, 40 метр қашықтықта ІІ орын, Дария БОЛАТҚЫЗЫ 25 метр қашықтықта ІІІ орын, Әлімжан ЖӘРДЕМ 15 метр қашықтықта ІІІ орын, Ернар МАХМЕ 25 метр қашықтықта І орын, Ізбасар САЛИМОВ 70 метр қашықтықта жастар арасында ІІІ орын, 35-метр қашықтықта жастар арасында ІІІ орын, Нұрдәулет ҮСЕНҒАЛИ 20 метр қашықтықта ІІ орын, Азра ЧЕЛИК 15 метр қашықтықта І орынға ие болды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 қазан 2022, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.