Атырау, 22 қараша 01:05
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Өмір үшін күрескен шақалақтар

1 803 просмотра

Осындай шақалақтың бірі былтыр 9 қазанда дүниеге келген. Бүгінде сәбидің дені сау, жақында бір жасқа толды.

Екінші сәбиін жүктілігінің 26-аптасында ерте босанған Перизат Қайырбаева 700 грамдық шақалақтың өмірі үшін күрескен дәрігерлердің ерлігін көзіне жас ала отырып еске алды. Оның айтуынша, өмірге келген бойда сәбидің өкпесінен қан кетіп, іріңдеген. Өмір мен өлімнің арасында жатқан нәрестеге қысқа уақыт ішінде төрт мәрте қан құяды. Оның үстіне, жүрегі дұрыс жетілмегендіктен, бала тым әлсіз болған. 

- Арада бір жыл өтсе де, өмірі үшін күрескен нәрестемнің әр күні есімнен кетпейді. Жүктілігіме 6 ай толған уақытта күтпеген жерден босанып қалдым. Бұл өткен жылдың 9 қазаны болатын. Бойы небары 30 сантиметр болған сәбиім 725 грамм салмақпен өмірге келді. Уақытынан ерте өмірге келгендіктен, іш құрылысы толық дамымаған еді. Өздігінен демала алмады. Баланы бірден жансақтау бөліміне алып кетті. Дәрігерлер баланың ағзасында инфекцияның көп екендігін айтып, «үміт аз, кез-келген жағдайға дайын болыңыз» деп ескертті. Атырау қалалық перзентханасынан қызым екеуміз тура үш ай өткенде ғана шықтық. Осындай қиын кезде баламды аман алып қалу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, сәбиімнің өміріне араша болған дәрігерлер Гүлзейнеп ДЮСУПОВАҒА, Әсел КАУКЕНОВАҒА, Гүлжан ШАЙМЕРДИНОВАҒА, Кәмшат САҒЫНДЫҚОВАҒА, Айзада ОРЫНБАСАРОВАҒА, Индира САБЫРҚЫЗЫНА және медбикелерге аналық алғысымды білдіремін, - деді Перизат Қайырбаева.  

Атырау облыстық перинаталдық орталығының шала туған нәрестелер патологиясы бөлімінің басшысы Түрлен МҰЗДЫҚҚЫЗЫНЫҢ айтуынша, соңғы он жылда елімізде шала туылған шақалақтардың өмір сүру көрсеткіші екі есе өскен.

Оның айтуынша, кемінде салмағы 500 грамм, бойы 25 сантиметр болатын шақалақтың өмір сүру мүмкіндігі жоғары.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қазан 2022, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.