Атырау, 6 қазан 02:50
 дождьВ Атырау +9.3
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Барлық жаңалық

Басқа жаңалықтар

Мұғалімдерде алты санат болады

Қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін  қайта реформалау күтіп тұр. Атырау облыстық аймақтық институты педагогтардың біліктілігін арттыруда жаңа енгізулер басталып кеткенін хабарлады.   8 қыркүйек 2011, 16:57 4 455 рет қаралды
Техникалық тексерумен жеке фирмалар айналысады Басқа жаңалықтар

Техникалық тексерумен жеке фирмалар айналысады

Келесі жылы автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеруден өткізумен жеке фирмалар айналысатын болады. Бұл мәселе кәсіпкерлердің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының өкілдерімен болған кездесуде талқыға салынды. 8 қыркүйек 2011, 17:30 4 871 рет қаралды
Астраханның аппақ бөлкесі Экономика

Астраханның аппақ бөлкесі

Өткен демалыс күндері «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаңда дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесіне алғаш рет көршілес Астраханның саудагерлері қатысты. Дәндеп қалған астрахандықтар жәрмеңкеге тағы да келмекші. 8 қыркүйек 2011, 00:20 4 023 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

ТШО-ның талағы тарс айырылды

Доссор поселкесі тұрғындарының теміржол вокзалының маңында орналасқан кәсіпорын цехтарындағы Теңіз күкіртін алдағы уақытта өңдеуге қарсы көрсеткен жаппай наразылығы қадағалау органының тексеру жүргізуіне сеп болды. 8 қыркүйек 2011, 00:30 3 922 рет қаралды
Оқиға

Қысқа қайырғанда

«Стоп-трафик» операциясының барысында полицейлер Амангелді көшесіндегі пәтерлердің бірінен Құрманғазы ауданының Нұржау селосының тұрғыны қамқорлық еткен притонды анықтады.ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, онда Оңтүстік Қазақстан облысынан келген үш қыз тұрады екен. Қожайын әйел оларға клиент тауып беріп, сол үшін әр қыздан 500 теңгеден алып отырыпты. 8 қыркүйек 2011, 17:35 2 771 рет қаралды
АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады Басқа жаңалықтар

АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады

Нұргүл ЖҰМАҒАЛИЕВА электронды қолтаңбаның көмегімен түрлі қызмет түрлерін жеңілдету үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіпті. «Мүліктер бойынша анықтамалар алып, коммуналдық қызметтерді төлеп, басқа да нәрселерді электронды түрде атқаратын боламын, осылай анағұрлым қолайлы», - дейді Нұргүл. 8 қыркүйек 2011, 21:00 8 063 рет қаралды
Қарбыз, Мәсімов және «көк көйлектің ішіндегі көктем» Мәдениет

Қарбыз, Мәсімов және «көк көйлектің ішіндегі көктем»

Айтыс өнері атам қазақтың қанындағы нәрсе. Рухты тәрбиелейтін құрал деп білеміз біз оны. Алайда, жақында Атырауда өткен белгілі айтыскер ақындар Ақмарал ЛЕУБАЕВА мен Айбек ҚАЛИЕВТІҢ жекпе-жек айтысы жергілікті өнерсүйер халықтың алдында өзінің беделін төмен түсіріп алғандай ма дерсің. Бәске ештеңе тігілмегесін бе, жекпе-жек айтыс дегеннен гөрі, оған жеңіл-желпі айтыс деген атау сай еді. 8 қыркүйек 2011, 17:17 7 564 рет қаралды
Сұлу өнердің сыршыл шеберлері Мәдениет

Сұлу өнердің сыршыл шеберлері

«Woman Art Дизайн» шығармашылық тобының жұмысы көптеген елдердің көрермендерін баурап алды.  Енді өнерді бағалайтын атыраулық қауымның оралдық суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалауға мүмкіндіктері бар. 8 қыркүйек 2011, 16:44 14 904 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Атырауда 30 - ға тарта адам ұсталды. Іздеу жарияланғандардың бірі ІІМ-не шағымданды

Құқық қорғау органдарының ресми емес хабарламалары бойынша соңғы бірнеше күннің ішінде тек Атырау және қала маңындағы елді-мекендерден радикальды діни топтармен байланысы бар деген күдікпен 30-дай адам ұсталды. Бұл шараның басым бөлігі тікелей көшелерде және қоғамдық көліктерде жүргізілді. Ал бұл халыққа қосымша үрей туғызды. Ұсталғандардың көпшілігінің лаңкестік туралы ешқашан да ойламаған болуы, тек жай ғана сыртқы түрімен ерекшеленуі  де мүмкін еді. «Алдын-ала жүргізілген шаралар» барысында көз қырына кез болғандары да жоқ емес. Олардың барлығы да  күні бүгінге дейін тергеу изоляторында  отыр, деп хабарлайды бізге ресми емес ақпарат көздері. Бүгінгі күні барлық күш құрылымдарының баспасөз қызметтері табанды түрде үнсіздікті сақтап отыр. 1 қыркүйек 2011, 22:24 4 222 рет қаралды
Прокурор облыстағы орын алған ахуалдың мән-жайын мәлімдеді Басқа жаңалықтар

Прокурор облыстағы орын алған ахуалдың мән-жайын мәлімдеді

Кеше баспасөз-конференциясында  Атырау облысының прокуроры Сайфулла КЕМАЛОВ лаңкестік әрекеттерді дайындауға күдікті делінген топтың ұсталғандығы  жөнінде ресми мәлімдеме жасады.  Ол сондай-ақ, облыс халқына ендігі жерде еш қауіптің жоқ екендігін атап өтті.  1 қыркүйек 2011, 16:32 8 909 рет қаралды
Сыңғырла, алғашқы қоңырау! Басқа жаңалықтар

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

Бүгін алғаш рет мектеп партасына Атырау облысында шамамен 10 мың бала отырмақ. Солардың бірі 6 жастағы Бекзат ЕРКІН. Өзінің сүйікті шөбересін мектепке  апару  үшін  80 жастағы Балған әже Оралдан әдейілеп келіпті. 1 қыркүйек 2011, 16:43 7 280 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Мұғалімдер жалақысына үстеме ақы қосылады

1-ші қыркүйектен бастап мұғалімдерге үстеме ақы қосылатын болады. Бұл үстеме тек жоғары санатты мұғалімдерге ғана емес (басында солай жоспарланған еді) барлық ұстаздар қауымына тиесілі. 1 қыркүйек 2011, 23:09 4 244 рет қаралды