Атырау, 26 желтоқсан 15:34
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Балық – біздің байлығымыз

7 808 просмотра

Үкіметтің 2012 жылғы 7 наурыздағы «Балық аулауға салынатын шектеулер мен тыйымдар туралы» қаулысы Жайық өзенінде 1 сәуір мен 5 маусым аралығында әуесқойлықпен балық аулауға тыйым салды.

Өйткені сәуірдің аяғында Жайықтың терең тұсына сазандар уылдырық сала бастайды. Бірақ балық аулау тоқтамайды. Әуесқой балық аулаушыларды - сазандарды үлкен ау-торларға түсіріп, оны көлеңкелі нарыққа жеткізетін браконьерлер секілді балық қорларын талан-таражға салушылар деп түсінбеу керек. Алайда, маусыммен ауланатын балықтардың көбеюі балық бағасына әсер етпейді. Бірнеше жыл бойынабазардағы балықтың бір келісі - 200-250 теңгеден өзгермей келеді. Бұған қарапайым себеп бар – өнеркәсіп деңгейінде браконьерлер талан-таражға түсірген байлықтың басым бөлігі облыстан тысқары шығады.

 

САН СОҚТЫРҒАН САЗАН

Шындығын айтқанда, мен мұндай балық аулауға алғаш рет шыққан едім. Соның алдында қармақ, құрт сатып алып, маған жөн сілтеген жерге - Талғайраңдағы Қандауыр тоғайына бардым. Жағалауда халық көп болатын, бос орынды әзер таптым. Қасымда тұрған ер адамдар қармақ бауын 20 сажындай орап, лақтыруға кеңес берді. Лақтыруым мұң еді, қаба жөнелді... 

Балық мені күтіп тұрғандай болды. Қармағымды жиі қаба бастады. 8-10 келілік балық кішкентай қарагөз секілді оп-оңай қармаққа ілінгенде, таң қалмасқа болмайтын еді. Содан кейін түсіндім: «сторожок» екі рет кері жұлқынса, содан кейін алға қарай жүзсе, қармақты тартып қалу керек екен.

Қармақтың бауы саусағымды қиып тастады - мен оның қалай ауыратынын ұмытып та кеттім, бірақ адамды сондай еліктіреді екен. Бауды шынтағыма орап, өйтіп-бүйтіп тарта бастадым. Сол сәтте: үлкен сазан келе жатыр, «қатты тартпа, жайлап тарт та қайтадан бауды жіберіп қал» деп кеңес берген білгіштер пайда бола кетті. Сөйтіп, мен олардың айтқанын тыңдаймын деп, сазанымнан айырылдым. Тек судан оның жонын ғана көріп қалдым.

 

ЖАҚСЫ ҚАБАДЫ-АУ...

Менің айналамда да осындай әбігер болып жатты, біреуі ірі сазанды шығарып алса, енді біреу балағат сөздер айтып жіберді. Шамасы, оның олжасы қармақтан шығып кеткен болса керек. Жігіттер өзара нағыз балық қабатын уақыт таңғы сағат 6-дан бастап сағат 9-ға дейін жалғасатынын әңгімеледі. Бүгін соншалықты жақсы емес екен. Өткен күндері оларға бірер сағат ішінде 10 сазаннан түсіпті. Мен қазіргі балықтың қабуы нашар дегенмен келісе алмаймын. Қармағымды балықтар үзіліссіз қауып жатыр. Рас, оларды тартып шығара алмай қалғаным болмаса. Ал сазан оңайлықпен уысыңа түсе қоймайтын балық...

Сәлден соң жағалауға адамдар тола бастады. Бұлар демалыс күндерінде тоғайға демалуға әрі балық аулауға келген қала тұрғындары. Жағалаудың бойына бала-шаға да толып кетті. Олар суға түсіп жүр, мен олардың әке-шешелерінің қайда екенін түсіне алмадым. Шынымен де, олар өзеннің осы тұсында қайғылы оқиғалар көп болатынын естімеді ме екен?

Бесін ауғанша үш «лопушка» (әуесқой балықшылар сазанды еркелетіп осылай атайды) ұстап, үш қармақты үздім. Бауды үздіксіз лақтыра бергеннен және тартам деп қолым тала бастады. Балық аулағаныма риза болып үйіме қайттым. Қалай десеңіздер де, үш сазан браконьерлікке жатпайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,

Суретті түсірген автор

 

 

 

16 мамыр 2012, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.