Атырау, 24 қараша 10:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол бойында көз жұмды

2 302 просмотра

10 мамырда полицейлер әуежай трассасының жиегінде тұрған «Нива» салонынан мүрде тауып алды.

Полицияны өзгеше көрініске куә болған «Ниваның» жанынан өтіп бара жатқан жүргізушілер шақырған көрінеді. Сырт қарағанда жол-көлік оқиғасына ұқсамайды, ал машинаның төңірегінде үстері қан-қан болған екі ер адам сасқалақтап жүр екен. Сол жерге барған жол полициясының жасағы криминалистерді шақырды. Алдын ала жорамал бойынша, екі ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған өз туысқандарын облыстық ауруханаға апармақшы болған.

- Қолдағы бар мәліметтер бойынша, кеше сағат 17.40-та Сарыөзектен 25 км қашықтықта қой жайып жүрген бақташы - Махамбет ауданының Бейбарыс ауылының 1978 жылы туылған тұрғыны аяқ астынан өз кеудесіне өзі пышақ салған, - деп түсінік береді оқиғаға облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. – Олармен бірге жайылымда болған екі ер адам зардап шегушіні облыстық ауруханаға өздіктерімен жеткізуді ұйғарыпты. Алайда әуежай трассасында машиналарының дөңгелегі жарылып қалған. Жаралы жігіт, сол адамдардың айтуларынша, жол бойында көз жұмған. Бұл жорамал мұқият тергелуде.

Бүгін түстен кейін туысқандарының бұл жорамалы жоққа шығарылды. Г. Мұхтарова хабарлағандай, жапа шегушінің 35 жастағы ағасы мойындау жауаптарын бере бастаған. Оның айтуынша, ол өріске інісіне көмектесу үшін келген екен. Араларында жанжал туындап, ол ашу үстінде інісінің кеудесіне пышақ салып алады. Екеуінің алыс туысқандары боп келетін куәгер де осы фактіні растап отыр. Жаралы әлі де тыныстап жатқандықтан, олар оны құтқаруға ұмтылған. Бірақ ол ауруханаға жетпей көз жұмды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА, суретті түсірген автор

11 мамыр 2012, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.