Атырау, 24 қараша 11:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Шпорсыз" қиын екен

3 074 просмотра

Әкімдікте Ұлттық бірыңғай тестілеу жөнінде селекторлық кеңес болып өтті.

Биыл атыраулық түлектер ҰБТ-ны 3-7 маусымда тапсыратын болады. Өту балы, өткен жылдағыдай – 50. Медициналық жоғарғы оқу орнына түсу үшін 55 балл, ал Ұлттық деген мәртебеге ие жоғарғы оқу орнына 70 балл жинау керек

4,7 мың адам арыз берген (түлектердің жалпы санының 84,2%-ы). Өткен жылы ҰБТ-ны 5,6 мыңнан астам түлек тапсырды. ҰБТ-2012-ге қатысу көрсеткіші барлық аудандарда дерлік, әсіресе Исатай (-14,2%), Қызылқоға (-13,2%), Құрманғазы (-11,5%) аудандарында төмендеді. Осы аудандардың әкімдері мұны түлектердің кірер ауызда жаппай металл іздегіштерді, ал биылдан бастап бейнебақылау камералары мен ұялы байланыс «тұншықтырғыштарын» пайдалану салдарынан тапсырмаларды орындай алмаймыз, деп қорқатындығымен түсін-дірді.  Айтпақшы, облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, «тұншықтырғыш» құрылғылар сатып алынған.

- ҰБТ тапсырғысы келетіндердің төмен пайыз болуы, әрине, алаңдатады, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ. Бірақ бұл көрсет-кіштердің соңына түсетіндей жағдай емес. Оған қатысатындар жақсы тапсырады деп үміттенеміз.

Ал наурыз айындағы алдын - ала тестілеу қорытындылары көңілді көншітпеді. Мақат ауданында болашақ ҰБТ-ға қатысушылардың 10,9 пайызы «екілік» алды. Құрманғазы мен Исатай аудандарында екіліктер көп. Сынақ тестілеуінде «Алтын белгі» мен ерекше аттестатқа үміткерлердің тек 30,4 пайызы ғана қажетті бал мөлшерін жинады. Олардың ішінде «2» алғандар да болды.

Ендеше, аттестаттағы бестіктер жақсы дайындықтың белгісі бола бермейді. Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің пайдасына жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуден бас тартатын түлектер көбейген. Дегенмен, бұл да жақсы шығар, өйткені елімізде қолдарына жоғарғы оқу орындарының «қағазын» ұстағандар жетіп артылады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 мамыр 2012, 19:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.