11 мамырда болған облыстық мәслихаттың сессиясында сирек кездесетін жағдай орын алды: депутаттар облыстық әкімдік дайындаған нормативті құжаттың жобасын жоққа шығарды.
Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАНОВ жылу маусымын өткізу және дайындық ережесінің жобасымен таныстырды.
«Атырау-жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және М.Қалиевтің тікелей басшысы депутат Оразғали ҚАРШЕГЕНОВ (суретте) жобаны жасақтаушылардың біліктілігіне күмән келтірді:
- Айталық, сіз шаю жұмыстарын сәуірден бастап-ақ жүргізу керек дейсіз, ал бұл іс жүзінде мүмкін емес нәрсе. Құжатты қайта жасақтау керек.
Жобаға бірінші болып қарсы шыққан депутат, «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, бұл құжаттың мәні жоқ.
- Сіз бізге үйге жылуды +8 градус шамасында беру керектігін не үшін айтып отырсыз, бізді оны білмейді деп ойлайсыз ба? Сіз 19 параққа құрылыс нормалары және ережелерінде не жазылған соны ғана жазып қойғансыз. Ал, тексеру жөніндегі тармақ тіптен заңсыз, өйткені, жылумен жабдықтау мекемелерін тексеру сіздің құзырыңызға кірмейді.
Б. Жайсанов өзін-өзі қорғай бастады:
- Сіздер өткен қыстың қандай болғандығын жақсы білесіздер. Біз тек жағдайды жақсартуды ғана көздедік. Депутаттар өз әріптестерін қолдады және нормативті құжатты қайта жасақтауға жолдады.
Қызық, егер сессияға облыс әкімінің өзі қатысқанда депутаттар өздерін дәл осылай емін-еркін ұстар ма еді, кім біліпті?!
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ