Атырау, 3 қазан 12:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 478.35
€ 504.04
₽ 4.86

Отанды қорғау – қасиетті парыз

4 680 просмотра

7 мамырда Атырауда Исатай - Махамбет алаңында Қазақстан қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған Отан қорғаушылар күнінің құрметіне әскери шеру болды.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ мәлім-деуінше, шеруге Атыраудағы барлық әскери жасақтар,  сап түзеген жауынгерлердің 15 «қорапшасы» (тікбұрыш құрып, сап түзеген жауынгерлердің қатары) қатысты.

Мерекелік шеруде оншақты арнаулы жасақ жауынгерлерінің  қоян-қолтық жекпе-жектері мен жалаңаш қолмен кірпішті сындырған қойылымдары тартымды болды.

- Көрермендерге ұнады деп ойлаймын. Ең таңқаларлығы, жиналған жұртшылықты бәрінен бұрын біздің бетімізге қорғаныш ретінде  жағылған нәрсе қызықтырған сыңайлы, - деп күледі  41433 әскери бөлімшесінің  қызметкері Қайрат САБИЕВ – Оның гуашь екендігіне сенімді түрде жауап беремін. 

Келесі жылы 7 мамыр күнтіз-бенің атаулы күні болуы мүмкін екендігін айта кетейін, сонда, бәлкім алаңда қалалықтар бұдан да көп болатын шығар. 

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

9 мамыр 2012, 19:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.