Атырау, 26 желтоқсан 21:19
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

"Әдеке, мұныңыз дұрыс емес!"

2 040 просмотра

Қысқы мерзімге дайындық туралы қалалық әкімдікте  өткен  мәжіліс біраз дау тудырды. ПИК төрағалары орын алған мәселелерге қатысты ойларымен бөлісті.

 

ЖАППАЙ ЖАЛҒА АЛУШЫЛАР

Қалалық ТКШ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серікбай ҚАЗИЕВТІҢ айтуынша, үйлердің жылу беру жүйесі мен ішкі үйлер желілерін жуып-шаю бір-екі күнде басталмақ. Ол өткен қыста жылуға қатысты айтарлықтай проблемалар туындатқан үйлердің тізімін келтірді: Привокзальный-5 ықшам ауданындағы №9 үй, Баймұханов көшесіндегі №33 а, Махамбет көшесіндегі №116, Гайдар көшесіндегі №25 және Молдағалиев көшесіндегі 28 үйді  бірден атады.

Қала әкімі Асқар КЕРІМОВ ПИК төрағаларын өз проблемаларымен батыл бөлісуге шақырды. Олар көп жалындыра қоймады. Бірінші болып Алмагүл ықшам ауданындағы 16 қабатты үй бойынша ПИК қызметін атқарушы «Уақитов» ЖК басшысы Бауыржан УАҚИТОВ сөз алды. Ол өткен қыс айларында орын алған жылуға, сумен жабдықтауға және канализацияға қатысты көптеген проблемаларын баяндады. Ол көбіне бұған тозығы жеткен стояктарды ауыстыруға мақсатты жарналарды жинауды қаламайтын және терможаңғыртудан бас тартатын тұрғындардың өздері  кінәлі деп есептейді. Оның үстіне пәтерлердің бір бөлігі иесіз бос тұр  немесе жалға берілген.

Тұрғындардың өз уәжі бар. Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген тұрғын үй сапасыз болып шықты және үй ішілік желілерді қайтадан күрделі жөндеуден өткізу үшін ешкім қалтасынан  төлегісі келмейді, тіпті, кейбірінің оны төлейтін ақшалары да жоқ. 

 

АПАТТЫ МҰНАРА

 «Коммерциялық» үйлердегі де сапа мақтанарлықтай емес. Мәселен, Тайманов көшесіндегі Исатай-Махамбет алаңы маңындағы көп қабатты үйдің (суретте)  «Виктория» ПИК - нің жаңа төрайымы Рая ШӨКЕБАЕВАНЫҢ айтуынша, сыртқы қаптамасының бір бөлігі ұшып кеткен, жылу қазандарының бірі істен шыққан, үй алдындағы жол тас-талқан, ал, үймен бірге тапсырылған канализация сорғы стансасы жұмыс істемейді, сол себепті септикті қолдануға тура келеді. Жақында оны тұрғындардың жинаған ақшасына жөндеп алдық. Жөндеу жұмысы жарты миллион теңгеге шықты.

- Бұл үйде тек қабырғалар ғана бүтін, ал, қалғаны апатты жағдайда, - деп түйіндеді төрайым.

Қаланың ортасындағы көп қабатты үйдің орталық канализацияға қосылмағандығы әкімді таңдандырды. Шөкебаева осы үйдің тұрғындары терможаңғырту бағдарламасына қатыса ала ма деп сұрады.

- Біз коммерциялық тұрғын үйлерді, сондай-ақ, жақында ғана салынған үйлерді  жөндеуден өткізе алмаймыз. Бағдарлама ескі үйлерге есептелген, ал олар бізде өте көп, шамамен 200 - ге жетеді. Олар әсіресе, Авангардта. Бірақ, біз сіздерге асфальтты жөндеп береміз және канализацияға қатысты мәселені шешуге көмектесеміз, - деп мәлімдеді Керімов.

 

ТӨРАҒАЛАРДЫҢ ҮНСІЗДІГІ

ПИК-терінің  байырғы төрағаларының бірі «Бәйтерек алаңы» ПИК төрағасы Төлеуғали СӘМЕНОВ жылу берушілерге талаптар қойды: олар жылу жүйесін жыл сайын неге шайып отырмайды?

- Кеңес дәуірі тұсында тұрба құбырларын  және радиаторларды  натрий гидроокисінің  (каустик) ерітіндісімен шаятын. Қазір ол жасалмайды.

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ жылу берушілерді қорғай бастағаны сол еді, оның дауысын залдағылардың нарызылық білдірген ілікпе сөздері басып тастады.

- Олар өз есептерінен шайсын, өйткені, қызметтері үшін бағаны үнемі көтеріп отырады емес пе?- деп  ашынды төрағалар.

- Бұл мәселені біздің көтергенімізге 15 жыл өткенімен әлі күнге шешімі табылған емес. Тіпті, біздің есебімізден бірақ, жылу қосындары арқылы шаюды ұсынды. Олар бұған да келіспеді. Оның есесіне олар өздерінен шайып-тазалау міндетін алып тастады, енді ол ПИК есебінен жүргізіледі.  Ал, Әдеке, сіздің бұныңыз не, неге  сіз оларды қорғап отырсыз? – деп Сәменов Нұрлығожиевке кінә артты.

Мәжіліс аяғында қала әкімі жүйедегі ақаулардың ПИК және қалалық ТКШ бөлімінің арасындағы өзара қарым-қатынастың жоқтығынан орын алған деген түйіндеме жасады. Алайда, одан шығар жол бар:

-  Сіздер,  (ПИК төрағаларына қарап) ТКШ бөлімінің  бөлімшелері болуларыңыз тиіс.

Бұл болашақ бастамаға төрағалардың қалай қарағаны жұмбақ күйде қалды. Олардың барлығы да үндеген жоқ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

16 мамыр 2012, 19:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.