Белгісіз радикалды исламдық лаңкестік ұйымның Мүслім атты өкілі ғаламторда Бакуде 22-26 мамыр аралығында өтетін атақты «Евровидение-2012» музыкалық байқауында лаңкестік әрекет жасалады деген мәлімдеме жариялады.
Утро.ru мәліметінше, ол «Евровидение -2012» -ге қатысу үшін «мұсылмандардың қаны төгілген» жерге келіп, өздерінің «ойларына келгенін» істейтін «арсыздар мен гомосексуалистер» бейнесіндегі «шайтан күшіне» шабуыл жасауға уәде берді. «Мұндай адамдарға біз шабуыл жасаймыз және оларды осы жазадан ешнәрсе құтқара алмайды», - депті лаңкес.
Дереккөз: 1tv.kz