Атырау, 9 қараша 02:14
 бұлттыВ Атырау +1
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Атыраулық қоғамдық ұйым Ақтауда бастамашыл топ құрды

2 442 просмотра

ОБСЕ бақылаушысы ретінде Жаңаөзендегі сот процесіне қатысып жүрген атыраулық «Заман» ҚБ  жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВАНЫҢ бастамасымен  жәбірленушілерге  құқықтық қолдау көрсететін «Жаңаөзен жәбірленуші» деп аталатын бастамашыл топ құрылды.

Бұл топтың жетекшісі болып жәбірленуші Хасан ДҮЙСЕКЕНОВ тағайындалған. Әсел Нұрғазиева оның  ұлы,  Жаңаөзендегі  лицейдің жас мұғалімі  Атабай Дүйсекеновтің оққа ұшып мерт болғанын айтады.  Ал оның орынбасарлары болып  тамағынан оқ тиген Н.НҰРҒАЛИЕВ  пен   қолынан екі жерден оқ тиген Р.ӨЗБАЕВ бекітілген.

- Мені сот процесі барысында жәбірленушілердің  өз құқықтарын білмейтіні қатты ойландырды. Оларға қарсы оқ атылды, біреу  әкесінен, біреу  қызынан, біреу ұлынан айырылғанымен түптеп келгенде олар мұны қалай дәлелдеуді, қалай қорғануды білмейді. Сондықтан да бақылаушылық міндетімнен бас тартып, оларға қоғам болып, заңгерлер болып  жәрдемдесуге тиіспіз деген азаматтық позициямды жоғары қойдым,-деп мәлімдеді Әсел Нұрғазиева.

Оның айтуынша, ОБСЕ  соттың әділ өтуіне бақылау жасауда  үлкен қызмет атқарып отыр.

«Заман»  қоғамдық ұйымы жетекшісі оқ тиіп жаралы болғандардың  ресми тізімін жасаумен және бұл топты қоғамдық ұйым ретінде  әділет министрлігінде заңдастырумен айналысуда.

- Өте көп адам. Қазірдің өзінде  қолымдағы адамдар саны  80-нен асады,-дейді ол.

Сәния ТОЙКЕН

9 мамыр 2012, 19:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.