Атырау, 11 қазан 16:30
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Күйеу баланың басы тағы дауға қалды

2 075 просмотра

Милан прокуратурасы сот тәртібімен итальяндық энергетикалық Eni тобының тарапынан қазақ шенеуніктеріне пара беруі туралы мәселені қарауды талап етуде, деп жазады Луиджи ФЕРРАРЕЛЛА итальяндық «Corriere della Sera» газетінде жарияланған мақалада.

«Қазақстандағы Еni филиалы - Agip KCO-ға мемлекеттік комиссар жіберу немесе оның баламасы ретінде компанияларға соңғы 30 жыл ішінде ашылған Қазақстандағы ірі мұнай кеніштерін игеру жөніндегі келісім-шарттар бойынша келіссөз жүргізуге тыйым салу керек. 

Милан прокуратурасы Милан сотына: неліктен Eni инвестицияның алғашқы кезеңі барысында (2007 жылдың сәуіріне дейін) пара ретінде, атап айтқанда, ұлттық мұнай компаниясының және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ күйеу баласы Тимур ҚҰЛЫБАЕВТЫ параға сатып алу үшін кем дегенде 20 миллион доллар пайдаланылған деген сауалмен жүгінді», - деп жазады басылым.

«Мәселе Eni-ге қатысты заңды тұлға ретінде 231/2001 бабы («халықаралық сыбайлас жемқорлық») бойынша прокурор Фабио Де ПАСКАЛЕ судья Альфонс ФЕРРАРОДАН талап еткен тыйым салу шарасы туралы болып отыр. Қаржылық Гвардия компанияның кейбір кеңселеріне тінту жұмыстарын жүргізген», - деп жазады мақаланың авторы.

Іс бойынша компанияның бірнеше менеджерлері күдіктілер боп отыр. Алайда Eni басшысы Паоло СКАРОНИ олардың қатарында жоқ. Дегенмен де, заңды тұлға ретінде бүкіл компанияға қатысты тергеу жүргізілуде.

Бұл итальяндық мұнай компаниясымен байланысты осындай бірінші сыбайлас жемқорлық жанжалы емес. Өткен жылдың маусымында мұнай кеніштерін игеруге қатысатын Eni компаниясы Кувейт пен Иракта сыбайластық келісім-шарт жасады деп күдіктеліп отырғаны белгілі болды. Ал 2011 жылдың сәуірінде Миланда Eni компаниясының еншілес кәсіпорны боп табылатын Saipem компаниясының қызметкерлеріне қатысты сот басталды. Олар 1995 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі аралықта Нигерияның жоғарғы лауазымды шенеуніктеріне анағұрлым тиімді келісім-шарт жасау үшін пара берді деп айыпталған еді.

16 мамыр 2012, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.