Атырау, 13 қазан 06:05
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қарт солдаттың жанарына жас келді

3 363 просмотра

9 мамырда мыңдаған атыраулықтар Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың рухына тағзым ету үшін Мәңгілік алау басына келді.

Бұл күні Жеңіс бағының іші халыққа лық толды. Бұдан басқа, осылайша жүрекке жақын қандай мереке бар екен? Балаларын көтерген, кеуделеріне Георгиев лентасын таққан, қолдарына гүл шоқтарын ұстаған қала тұрғындары көп келіпті. Міне, біздің кейіпкерлеріміз - майдангерлер мен тыл ардагерлері немерелері мен шөберелеріне сүйеніп, Мәңгілік алауға қарай бет алды. Бәрі де үнсіз. Мемориалға алқызыл қалампыр гүлдерін қойған қариялар осы сәтте нені еске алды екен?

…Кенет қалың көптің ішіндегі кеудесі ордендер мен медальдарға толған қарт солдат қалшиып тұра қалды. Артындағы сығылысқан жұрттың қыспағын елеместен, өз-өзімен оңаша қалғандай күйде еді. Құлап қалмауға тырысқан қарт солдат бір тізерлеп отыра қалып, басын төмен иді. Өзі секілді тағы бір қарт солдат басындағы тақиясын шешіп, ол да жанына отыра кетті. Қариялардың әжім торлаған жүзде-рінен көз жасы көрінді...

Тыныш, анталамаңыздар! Олардың бұлайша көз жасын шығаруға қақылары бар. Сіздер тек оларға кедергі келтірмеңіздер...

Бәрі де осы көрініске куә болды. Тіпті диктор да бір сәт үнсіз қалды. Айналада пәрменді күштің пайда болғаны сондай, ескерткіштің екі жағында сап түзеген құрметті қарауылдар одан әрі айбынды, сымбаттырақ бола түсті. Тек жүректің тарсылдап соққан дауысы естіліп тұрғандай еді...

… Олар гүл шоқтарын қойып, орындарынан тұрды, ал имек таяқтары жерде қала берді. Ту сыртынан қарағанда оларды 80-нен асқан деп ешкім де айта алмайды. Иықтарын тіп-тік ұстаған олар сигнал берілгендей, дереу көзге көрінбейтін пилотканың күнқағарына оң қолдарын қойып, ізет көрсетті. 90 градусқа бұрылып, өкшелерін сарт еткізіп, әрі қарай адымдап жүріп кетті.

Ал сәлден кейін осы бір сиқырлы сәт көзден ғайып болды. Қарт солдаттардың өн бойын қайтадан кәрілік басты. Аяқтарын ақырын ғана басып, бір-бірлерін жаңа ғана көргендей, бір-біріне түсініскен көзқараспен көз тастап, әр жаққа тарап кетті...

- …Миллиондаған жандардың  өмірін жалмаған сұм соғыс, - деп саңқылдап қоя берді диктор ұйқыдан оянғандай. – Ер есімдері мәңгі есте қалады!

Анастасия ПАСТУХОВА

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша, Атырау облысында 176 соғыс ардагері қалған екен.

 

 

 

 

 

9 мамыр 2012, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.