Атырау, 28 қыркүйек 17:21
 ашықВ Атырау +19
$ 482.77
€ 509.71
₽ 5.00

Темекінің тұқылы – айыппұлға құқылы

1 783 просмотра

Атырауда көшелердегі тазалық үшін полицейлік науқан жалғасуда.

30 сәуірде кешкісін Алмагүл ықшам ауданындағы №8 үйдің  бұрышында түзге отырған 28 жастағы қалалық азаматты патруль күзеті ұстап алды. ҚР ӘҚБК 330-бабы, 1-бөлімі (ұсақ бұзақылық, тұрғын жайларды қорлау, жалпы қолданыстағы орындарды бүлдіру) бойынша хаттама толтырылды. Бұл бапта 3 АЕК ( 4 854 теңге) көлемінде 10 тәулікке дейін қамауға алу шаралары қарастырылған. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бұл жағдайда мамандандырылған әкім-шілік соттың шешімімен ол ер адам 3 тәулікке қамауға алынған. 4 845 теңге айыппұл 30 сәуірде кешкісін Азаттық даңғылы, №40 үйдің жанында шылым шегіп, темекінің тұқылын жаяу жолға тастаған екі бойжеткенге де салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 мамыр 2012, 19:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.