Атырау, 24 қараша 11:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шенеунiктер мен кәсiпкерлердің "қара тiзiмiн" жариялады

2 106 просмотра

Қазақстандық "Власть" журналы лауазымды қылмыстарды жасады деп айыпталған бұрынғы шенеунiктер мен кәсiпкерлердің "қара тiзiмiн" жариялады.

Тізімнің көшбасында шетелде жүрген саясаткерлер көбірек аталған. Ал, олардың Қазақстанға оралу мәселесі жөнінде заңгерлер пікір білдіріпті. "Қара тізімді" экс-банкир Мұхтар Әбләзов бастап тұр. Ақпарат құралдары бүгінде оның Францияда жасырынып жүргенін жазады.

Ал, екінші орын - Рахат Әлиевте. Ол Мальта мемлекетінің Слима қаласында тұрып жатыр. Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов үшінші. Швецарияға қашып кеткен экс-министр, сол елдің ең бай азаматтарының қатарына қосылған.

Ал, 4-орында бұрынғы Үкімет басшысы Әкежан Қажыгелдин тұр. Астана қаласының соты Лондонда тұрып жатқан экс-премьерді сырттай 10 жылға соттап, мүлкін тәркілеуге шешім шығарған.

Дереккөз: nur.kz

11 мамыр 2012, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.