Атырау, 24 қараша 10:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ала таяқты әмірші

2 147 просмотра

Қазақстан жол полициясының және оның басшысының қатысуымен жүргізілген кең масштабты акция “Жолдағы қабылдау” деп аталады. Жеті аймақта өткен бұл акция Атырауға 11-12 мамырда жетті.

Орал қаласы – Чапаев поселкесі – Махамбет поселкесі – Сарайшық поселкесі – Атырау қаласы автожарыс аясында бізге ҚР ІІМ жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Николай КАЛАШНИКОВ келді.

11 мамырда кешкісін жол полициясы және прокуратура қызметкерлері бірлескен рейд өткізді. Негізінен мемлекеттік автокө-ліктердің мақсатты емес, былайша айтқанда жеке мақсатқа қолданылуы нысанаға алынды.

Ал, таңертең делегация аудан халқы алдында баяндама жасау үшін Махамбет поселкесіне келіп жетті.

Николай Калашниковтың айтуынша, 2006-2007 жылдарда жол апаттарының көп болуынан жол-көлік оқиғасы барысында Қазақстанда қаза болғандардың саны 100 мың тұрғынға шаққанда 28 адамды құраған. Бұл еуропалық көрсеткіштен 4 есе асып кетті. Өткен жылы бұл цифр 100 мың тұрғынға есептегенде өлім құшқандар саны 16 адамды көрсетті. Жағдайдың жақсаруын полицейлер әкім-шілік жазалардың күшеюімен байланыстырады. Былтыр елімізде жол ережесін бұзған 2 млн тәртіп бұзушылық тіркелді, қатаң тәртіп бұзушылықтары үшін 35 мың жүргізуші куәліктерінен  айырылды. 

 

ӘЗІРГЕ ТИІСПЕЙДІ

Жол полициясына техника жақсы көмекке келеді. Бір инспекторға жылына 440 тәртіп бұзушылықты анықтауға тура келеді, ал, 1 автоматты тәртіп бұзушылықтарды тіркеу  жүйе-сіне – 2 800-ден келеді. Алайда, егер тәртіп бұзушылықтар барынша бірыңғайландырылған болса, автокөліктің қауіпсіз-дігінің артуы проблема болып қалады. Техникалық тексеруден өту бәсекелестік ортаға берілді, бірақ, І - тоқсанның қорытынды көрсеткіштері қызмет көрсету нарығының  оған дайын еместігін көрсетті. Біздің облысымызда, мәселен, техникалық тексерумен бар-жоғы бір ғана кәсіпорын айналысады. Басқа да аймақтарда осыған ұқсас жағдай. Жол полицейлері көлік бақылау инспекциясындағы өз әріптестерінің проблемаларына түсіністікпен қарап, әзірге техникалық тексеруден өту мерзіміне қатысты адал болуға шешім қабылдады.

 

АРНАЙЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҮШІН

Николай Калашников болашақ жаңалықтарды – көліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру үшін ашылған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы айтып берді. Мамандандырылған орталық қызметкерлеріне кеңес беру, құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды (жүргізушілік куәлігін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік)  және мемлекеттік нөмірді беру міндеттерін жүктеу жоспарланып отыр. Ал, жол полициясы қызметкерлерінің құзырында  машинаның ВИН-кодын салыстырып тексеру, ІІМ көлік құралдары және тұлғаларды криминалды есеп базасы бойынша тексеру, куәліктерді алуға емтихандар қабылдау және тіркеу туралы куәліктерді беру міндеттері қалады. Биылғы жылы пилоттық жоба Астана, Алматы, Ақтау және Қарағанды қалаларында жүзеге асырылмақшы. Келесі жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары барлық облыс орталықтарында ашылатын болады.

 

МАШИНАНЫ КУӘЛЕРДІҢ КӨЗІНШЕ ТІНТЕДІ

Ресми бөлімнен соң азаматтарды қабылдау басталды. Махамбеттіктердің техникалық тексеруге қатысты сауалдары көп болды.

- Техникалық тексерудің бәсекелестік ортаға берілуін біздің өзіміз де құп көрдік. Техникалық тексеру айналасында түрлі пікірлер туындады, тіпті, оны тарату жөнінде де пікірлер айтылды. Көлік бақылау және коммуникация министрлігі істі тиісті деңгейге жеткізбегенімен, техникалық тексерудің қайтадан біздің қарауымызға берілмейтін-дігіне нақты түрде көз жеткізуге болады,  - деді сеніммен Н.Калашников.

- Жақында ғана мені жол полициясының қызметкері тоқтатып, машинадан түсіп, жүксалғышты ашуымды табанды түрде сұрады. Мен одан көлігімді қандай  негізге сүйеніп тексеріп жатқандығын сұрадым, ал, ол  менің сауалыма жауап қайтармады. Мұндайда жүргізуші көліктен түсуге тиісті ме және «жүксалғышты тексеру» деген қандай тұжырым? – деп сұрады жүргізуші, айтпақшы оның өзі бұрын жол полициясының қызметкері болған.  

- Машинада қару немесе есірткі заттар тасымалданып бара жатыр деген бағдарлар пайда болған жағдайда тексеру деген түсінік бар. Алайда, әдеттегі жағдайда жүргізуші машинадан түсуге міндетті емес. Инспектордың өзі барып, өзін таныстыруға  тиісті. «Жүксалғышты тексеру» деген негіз жоқ, дегенмен, инспектордың жүксалғыштағы апатты белгі мен өрт сөндіргіштің бар екендігін тексергісі келуі мүмкін. Сондықтан да бұл сұраққа бір жақты жауап жоқ. Міндетті түрде әрбір жағдайға қатысты қарау керек. Айтпақшы, мұн-дай тексерулер тек куәгерлердің қатысуымен жүргізілуі тиіс. Егер хаттаманың бұл тармағы сақталмайтын болса, онда жүргізуші тексеруден бас тартуға құқылы. 

 

НЕЛІКТЕН БІРДЕН АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ?

Автомектептің басшысы Валерий КИМ:

- Үкіметтің үстіміздегі жылдың 12 наурызындағы №321 «Көлік құралдары жүргізуші-лерін дайындау ережесін бекіту туралы» қаулысы шыққаннан кейін мен жол полициясының тапсырмасымен жүргізушілерді дайындаудың жаңа бағдарламасын жасақтадым және оны жүзеге асыруға бұйрық күтіп отырмын. Алайда, әзірге ешқандай бұйрық жоқ.

- Бүгінгі күні сіздің қызметіңіз заңды қызметке жатпайды. Сондықтан да сізге қандай ма бір талаптар қоя алмаймыз, тек автомектептердің жұмыс сапасына талдау ғана жасай аламыз, айталық, сіздің түлектеріңіздің қаншасы бірден емтихан тапсыра алады және тағы басқа да жағдайларды анықтай аламыз– деп жауап берді Н.Калашников.

40 жылғы еңбек өтілі бар жүргізуші Жетісбай ТҰРДАҒАЛИЕВТЫ қазіргі тәжірибеде алдын-ала ескертудің жоқ екендігі, бірден айыппұл салынатындығы таңдандырады:  

- Таяуда құжаттарды тексеру барысында менің атыма берілген сенімхаттың мерзі-мінің біткен уақытынан 2 күн асқандығы анықталды. Мен мұны ұмытып кеттім, басқа тәртіп бұзушылық жоқ. Бұрын мұндай жағдайда жүргізушіге ескерту жасайды, айыппұлды тек екінші жолы ғана салады.

- Жазалаудың әкімшілік шараларын қолдану бойынша  шын мәнінде көптеген сауалдар туындайды. Инспекторлар қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етпейтін тәртіп бұзушылықтар бойынша, айталық, осы жағдайда  хаттаманы жиі толтырады. Қазір жол қозғалысы туралы жаңа заң жобасы жасақталуда және онда жазалауға емес, алдын-алуға баса көңіл бөлініп отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 мамыр 2012, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.