Атырау, 24 қараша 11:08
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Орыс ұшағы қазақ жеріне құлады

1 996 просмотра

9 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының аумағына ресейлік ұшақ құлап, екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы БҚО-дағы тілшімізге облыстық ТЖ департаментінен хабарлады.

Оқиға орнына жеткен ішкі істер, төтенше жағдайлар қызметінің және прокуратураның жедел-тергеу тобы құлаған жеңіл моторлы «Птенец-2» ұшағының 2002 жылы Ресейдің Кумертау қаласында жасалған анықтады. Ұшақ Бөрлі ауданының оралығы Ақсай қаласында уақытша тұратын Мәскеулік азаматқа тиесілі болып шықты. Әуе көлігі құлаған жерден 1964 жылы туған ұшақтын иесі мен 1984 жылы туған азаматшаның мүрделері табылды. Қазір аталған оқиға бойынша Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Дереккөз: KazBIN

11 мамыр 2012, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.