Атырау, 27 желтоқсан 01:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Алмақтың да салмағы бар

2 163 просмотра

Облыстық әкімдік жергілікті бюджеттен субсидия алып және соған қарамастан  қызметкерлерін қысқартқан кәсіпкерлерді «қара тізімге» енгізді.

- Біз жылдық 14 пайыздық ставкамен банк несиелерін алған 32 кәсіпкерге субсидия бердік. Олардың несиесінің бір бөлігін өтедік. Мемлекет олардың алдына жаңа жұмысшы орындарын ашуға жұмыстану керек деген талап қойды,- деді облыстық мәслихаттың сессиясында сөз алған облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының бастығы Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВА. – Алайда, олардың кейбірі жаңа жұмысшы орындарын ашпай-ақ, штатты қысқартуға жол берген. Ондай кәсіпкерлерге болашақта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейтін болады.

Ол облыс бойынша үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне тіркелген 31,1 мың шағын және орта бизнес субъектілерінің көпшілігінің  сауда және тұрмыстық қызмет көрсету саласына шоғырланғандығын атап өтті. Оның үстіне аймақта құрылыс материалдарын өндіруге, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге, қатты қалдықтарды өңдеу, қара және түсті металл сынықтарын қайта балқыту үшін жағдайлар жасауға мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ, терілер мен жүндерді өңдеу қосындарының жоқ болуынан бұл бағалы шикізат бізде толығымен жойылып отырады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 мамыр 2012, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.