9 мамыр мерекесі қарсаңында редакцияға наразы болған ардагерлер мен олардың туыстары хабарласты. Олар өздеріне тегін дәрі-дәрмектер беруден бас тартатын болған, деп шағымданды.
Ахуалды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ былай деп түсіндіреді:
- Соғыс ардагерлері Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы тізбесінде көрсетілген созылмалы сырқатпен ауыратын болса, тегін дәрмектер алады.Оларға қандай да болмасын жеке жеңілдіктер жоқ. Рас, жергілікті деңгейде жуырдағы уақытқа дейін басқаша болатын. Екі жыл бұрын облыстық Ардагерлер кеңесі бізге бюджеттен тыс қаржыға дәрі-дәрмектер сатып алу үшін ардагерлерге көмек көрсету туралы ұсыныспен шықты. Ол үшін арнайы қор құрылып, оған қаржыларды демеушілер салды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Ардагерлер кеңесі мен «Медицина» АҚ арасында үшжақты келісім-шарт жасалды. Екі жыл бойына №30 дәріханада ардагерлерге барлық дәрмектер тегін босатылды. Алайда осы жылдан бастап бұрын 50 пайыз жеңіл-дікпен босатылған Денсаулық сақтау министрлігінің тізбе-сіндегі дәрі-дәрмектер дәріханаларда тегін берілуде. Осыған байланысты өткен жылдары қабылданған тәжірибе өзекті емес деп танылды. Бірақ мәселе мынада, ардагерлер негізгі созылмалы сырқаттар бойынша тиесілі дәрі-дәрмектерді ғана емес, дәрілерді, мәселен, аспиринді де, таңу материалдарын да тегін алуға үйренген.
«Медицина» АҚ бас директорының орынбасары Искандер МИРЗОЕВ:
- Иә, біздің соғыс ардагерлеріне көмек қорымен жұмыс істеп келе жатқанымызға үшінші жыл болды. Бірақ, олардың бізге өткен жылдың бережағы - 800 мың теңге жиналып қалды, сондықтан біз ардагерлерге дәрі-дәрмектерді тегін босатуды тоқтаттық. Ал биыл келісім-шарт мүлдем жасалған жоқ.
- Ал егер қор бережақты өтеп, келісім-шартты ұзартатын болса, сіз бірге жұмыс жасауды жалғастырасыз ба?
– Әрине. Біз үшін айырмашылық жоқ. Тек уақытында төлем жүргізсе болғаны.
Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Нұриден ЕСМАҒАНБЕТОВ оптимистік көңіл-күйде. Ол қазір ардагерлерге демеушілік көмекті қайта жандандыру туралы мәселенің шешіліп жатқанын хабарлады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА