Атырау, 5 қазан 01:44
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Көктоғайға су керек!

4 528 просмотра

Индер ауданының Көктоғай ауылындағы Боран Нысанбаев атындағы мектепте оқушылар мен ұстаздар қыс бойы салқын сыныпта бүрсеңдеп тоңып шыққан.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар ҮМБЕШжылыту қазандығының мектептің ең күрделі проблемасына айналғанын айтады:

- Ауылдағы мектеп пен интернат, мәдениет үйі және балабақша бір жылыту қазандығы арқылы жылытылады. Қазандық та, оған жалғанған жылу құбыры да әр жерінен тесілген. Енді бізге ауданнан қазандықты оқу жылына дайындап қойыңдар деген талап келді. Шұрық-тесік қазандықты біз қалай дайындаймыз?

Жергілікті билік жағдай түзеледі деп уәде беріп отыр. Көктоғай селосы әкімінің орынбасары Марат ДОСАНОВ биыл мектепке дербес жылу қазандығының орнатылғалы жатқандығын айтты. Олар жоғарыда аталған 4 ғимаратқа – мектепке, балабақшаға, мәдениет үйіне және интернатқа арналған. 

Десек те, қазіргі уақытта көктоғайлықтар үшін ең басты мәселе – ауыз судың ахуалы. Олар Жайықтың жағасында отырса да, ауылға суды водовоз көлігімен тасиды. Тұрғындар суды құдықтарына 1000 теңгеден құйдырып алады. Ол 1 ай, кейде 1,5 айға жетеді екен.

- Былтыр ауылда «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша су құбырын тарту жұмыстары екі кезеңмен жүретін болды,- дейді село әкімінің орынбасары Марат Досанов. - Сөйтіп, ауыл көшелеріне су құбыры тартыла бастады. Бұл - жұмыстың бірінші кезеңі. Осы жұмыс биыл күзге дейін аяқталып болуы керек. Ал екінші кезең бойынша биыл су құбыры ауыл үйлеріне жақын тартылып, ортақ жүйеге қосылуы тиіс. Бірақ, нақты қашан іске қосылатынын айта алмаймын.

Айнұр САПАРОВА,

Суретті түсірген автор

16 мамыр 2012, 21:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.