Атырау, 24 қараша 10:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өз таңдауыңды жаса!

2 272 просмотра

«ҚазИИТУ» Батыс Қазақстан филиалының (Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің) қызметкерлері арнайы іссапармен Атырауға келді. Мақсат - мектеп түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту ережелерін түсіндіріп, мамандық таңдауға байланысты кеңес беру.

Аталмыш университеттің ғылыми-білім беру кешенінің мониторинг және кәсіпке бағдарлау орталығының жетекші маманы Гүлдана ҒҰСМАНОВАНЫҢ айтуынша, олар қаланың 30 мектебімен жұмыс жүргізіп үлгеріпті. Енді аудандық мектептерді аралауды жоспарлап отыр.

- Түлектердің көпшілігі  мамандықты өздігінен таңдай алмай, көпшілік түсіп жатқан экономика немесе заң факультетіне құжат тапсыра салады. Ол мамандықтарға бөлінген грантқа бірнеше талапкер таласып тұрады. Ал бүгінде елімізде техникалық, инженерлік мамандықтарға бөлінген гранттар игерілмей қалып жатыр. Осындай  мамандықтардың бар екенін оқушылардың көбісі біле бермейді. Өткен жылы бөлінген гранттың тек қана 30 пайызы қамтылды, - дейді Г.Ғұсманова.

Айнұр САПАРОВА

16 мамыр 2012, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.