Атырау, 26 желтоқсан 09:25
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Қысқа қайырғанда Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Атырауда салық және инвестиция жөніндегі халықаралық орталығы ұйымдастырған семинар болып өтті. Облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Б.Ғалиевтің айтуынша, онда дүниежүзілік қаржы дағдарысының салдарынан орын алған салық проблемалары талқыға салынды. 20 қыркүйек 2012, 17:16 1 685 рет қаралды
Боксшылар отбасы Спорт

Боксшылар отбасы

Бокс дегенде ішкен асын жерге қоятын жаттықтырушылар Болат Сағиданұлы мен Әлібек Болатұлы КӨШЕНОВТЕРДІҢ отбасы секілді былғары қолғап шеберлерінің кәсібіне тәнтіміз. Спорттың осынау қатал түріне екі ұлын да бірдей беру қандай әкенің қолынан келер еді? Мүмкін, ізін басқан ұрпақтарын солай тәрбиелеу керек болар? Осы  және басқа да сауалдарға жауап алу үшін бізге спорт тәлімгерлері әулетінің өкілдерімен кездесуге тура келді. 20 қыркүйек 2012, 17:08 3 159 рет қаралды
Сағымға айналған үйлер Қоғам

Сағымға айналған үйлер

Олар осыдан 5 жыл бұрын өздері армандаған баспананың шаршы метрлері үшін 100 пайыз төлем төлеген еді. Бірақ әлі үй жалдап тұрып келеді. Соңғы онжылдықтағы ұзақ уақыттан бері салынып келе жатқанең көрнекті құрылыс - Тайманов-Жарбосынов қиылысындағы 120 пәтерлік тоғыз қабатты үй сағымсекілді қаланың қақ ортасында көгілдір тартып, өз қожайындарына қол жеткізер емес. 20 қыркүйек 2012, 16:49 2 747 рет қаралды
Қысқа дейін үлгереді Басқа жаңалықтар

Қысқа дейін үлгереді

Терможаңғырту бойынша сапасыз жұмысты жүзеге асырған мердігердің қызметінен бас тартқан Авангард-2 ықшам ауданындағы №7 үйдің (суретте) тұрғындарына жылу енді біраз уақытқа кешіктіріліп берілуі мүмкін.   20 қыркүйек 2012, 16:29 1 745 рет қаралды
Алаңға кіру тегін Басқа жаңалықтар

Алаңға кіру тегін

Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде қалалық қаржы бөлімі теміржол вокзалы мен автовокзал алдындағы алаңдарды және халықаралық әуежай терминалын «Атырау Кар Паркинг» ЖШС-нің сенімді басқаруына беру жөніндегі келісім-шартын бұзды. Енді ол жерлерде шлагбаумдар болмайды және автокөліктердің кіргені үшін ақы алынбайтын болады (оның бағалары мынадай: жеңіл көліктерге – 100 теңге,«Газельдерден» - 200 теңге). 20 қыркүйек 2012, 16:21 2 069 рет қаралды
Мусиннің көмекшісі «құрылысқа» кетті Басқа жаңалықтар

Мусиннің көмекшісі «құрылысқа» кетті

Үкімет қаулысымен Мәди ИСМАИЛОВ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары боп тағайындалды. Агенттікке төрағаның жаңа орынбасарының ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің көмекшісі лауазымынан келгендігі ресми хабарламаларда айтылмағандығы болмаса, бұл жай ғана ақпарат секілді көрінеді. 20 қыркүйек 2012, 16:12 2 457 рет қаралды
Отбасындағы шығармашылық үндестік Мәдениет

Отбасындағы шығармашылық үндестік

14 қыркүйекте облыстық өнер мұражайында ерлі-зайыпты суретшілер Манарбек ДӘУЛЕТЬЯРОВ пен Эльмира ЖҰМАБАЕВАНЫҢ, сондай-ақ олардың балалары – ұлдары Әмин (7 жаста) мен қыздары Элифтің (3 жаста) отбасылық көрмесі ашылды 20 қыркүйек 2012, 16:11 2 942 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қолға алмасақ, кеш болады

Ежелгі Сарайшық қалашығының басына қайғылы күн туды. Әзірге біздің шенеуніктеріміздің қолы ұрлықтан босамай, дау-дамай одан әрі шиеленісіп жатқанда біздің ежелгі тарихи қаламыз көз алдымызда жойылып барады. 19 қыркүйек 2012, 23:01 2 025 рет қаралды
«Макаренконың» мұңы Басқа жаңалықтар

«Макаренконың» мұңы

Жаңа оқу жылы басталды, ал Құлсары қаласындағы Макаренко атындағы орта мектепті жөндеу жұмысы әлі аяқталған жоқ. Одан бөлек, мың жарым оқушыны уақытша басқа мектептерге орналастыру мәселесі шешілмей отыр. 19 қыркүйек 2012, 22:34 1 966 рет қаралды
Болашақтан келгендер Басқа жаңалықтар

Болашақтан келгендер

Атырауда бүгінгі күні «Болашақ» мемлекеттік стипендиясының 70-тен астам түлектері бар.Олардың саны Астана мен Алматыда ғана басым. Атыраулық «болашақтықтар» да бірлесіп елге қызмет етуді ұйғарыпты. Не үшін? Бұл туралы олардың өздері әңгімелейді. 19 қыркүйек 2012, 21:37 3 490 рет қаралды
Қауіп оңтүстіктен келеді Басқа жаңалықтар

Қауіп оңтүстіктен келеді

Шіріген жұмыртқаның иісі мұнайлы астананың визиттік кәртішкесіне айналғалы қашан. Қала тұрғындары үнемі, әсіресе, түнгі уақыттарда түрлі кәсіпорындардан шығарылатын улы заттардың иісінен тұншығып жатады. Айта кету керек, Атырау басқа ірі өнеркәсіп ошақтары орналасқан қалаларға қарағанда желдің арқасында барынша қолайлы аудандардың бірі болып есептеледі. Алайда, жел бізді қорғап қана отырған жоқ,  зиянын да тигізіп келеді. 19 қыркүйек 2012, 19:52 6 994 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Өтініштер арасы жер мен көктей

Облыстық әкімдікте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жобаларды субсидиялау (кепілдік ету) өтініштері қаралды. Бағдарламаның бірінші бағыты – банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеме бөлігін мемлекеттік субсидиялау бойынша комиссия 5 жобаны қарастырды, оның 2-уі қабылданбады. 19 қыркүйек 2012, 19:32 2 224 рет қаралды
Шабуыл Басқа жаңалықтар

Шабуыл

Құқық қорғау органдары қазір 14 қыркүйектен 15-іне қараған түні күзетте жүрген полицейге және сәл кейінірек Атырау қаласының ІІБ-на қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлерді іздестірумен айналысуда. Атырау облыстық ІІД-нің ресми хабарламасы әзірге болған оқиғаның толық көрінісін бермей отыр. 19 қыркүйек 2012, 18:54 2 411 рет қаралды