Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап онлайн-режимінде «Болашақ» стипендиясын табыстау конкурсына өтініш беруге болады.
Естеріңізге салсақ, бұрын құжаттар пакетін Астанаға тапсыру қажет болып, бұл үміткерден әжептәуір қаржы және ұйымдастыру шығындарын талап ететін. Енді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дағылардың айтуынша, Астанаға барудың қажеті жоқ. Қызмет «электронды үкімет» (www.egov.kz) шлюзы арқылы іске қосылған.
Онлайн жүйесімен құжат тапсырғанда нотариалды куәландырылған төлқұжат пен жеке куәліктің көшірмесін тапсырудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, зейнетақы қорынан берілетін үзінді де керек емес. Бұл мағлұматтар автоматты түрде мемлекеттік дерекқордан түседі.
Онлайн өтінішін беру үшін www.egov.kzпорталына тіркелу және электронды сандық қолтаңба бо-лу керек. Оны халыққа қызмет көр-сету орталығынан алуға болады.
«Болашақ» Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық стипендиясын табыстауға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметі ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметтерінің тізіміндегі «Электрондық» бөлімінде орналасқан. Үміткер қажетті сілтемелерден өте отырып, нысанды толтырады, құжаттардың сканерленген көшірмесін бекітіп (тізімі сол жерде), электронды сандық қолтаңбаның көмегімен растайды. Министрліктің растауы бір жұмыс күнінің ішінде жеке кабинетке келіп түседі.
Халықаралық бағдарламалар орталығындағылардың хабарлауынша, 2012 жылы «Болашақ» бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі 1 қазанға дейін жалғасады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА